KZ
1
14
ПАЙДАЛАНУ - ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ
ПАЙДАЛАНУ
Сүзінді атқарымы, сүзіндінің алдыңғы жағында орналасқан жəне үстіңгі қабаттың жарықтандыруын,
желдеткіштің қозғалтқышының жылдамдығын басқаратын сырғақпен немесе түймешікті алмастрып-
қосқышпен кезек-кезек бақыланады. Сүзінді, буды кетіруге арналмаған.
1) СЫРҒАҚТАР
- Үстіңгі қабаттың жанатын жарығын алмастырып-қосқыш - ҚОСУ/СӨНДІРУ
- Желдеткіштің жылдамдығын басқаруға арналған алмастырып-қосқыш - ҚОСУ/СӨНДІРУ - 1-2-3.
- Қозғалтқышты қосқан кезде жанатын неонды қызыл шам.
2) ТҮЙМЕШІКТІК АЛМАСТЫРЫП-ҚОСҚЫШТАР
- Үстіңгі қабаттың жанатын жарығын алмастырып-қосқыш - ҚОСУ/СӨНДІРУ
- Шағын жылдамдықтағы қозғалтқышты алмастырып-қосатын ҚОСУ/СӨНДІРУ түймешіктері.
- Орташа жылдамдықтағы қозғалтқышты алмастырып-қосатын түймешіктер.
- Үлкен жылдамдықтағы қозғалтқышты ал
мас
тырып-қосатын түймешіктер.
- Қозғалтқышты қосқан кезде жанатын неонды қызыл шам.
3) ЖЫЛДАМДЫҚТЫ КҮЙГЕ КЕЛТІРУ
- 1/"Төмен" жылдамдығы - тағамдарды аздап қайнатқанда жəне бір кəстрөлді қолданғанда
таңдалады.
- 2/"Орташа" жылдамдығы - ең көбі төрт кəстрөлді қолданғанда та
ңдалады.
- 3/"Жоғары" жылдамдығы - қатты иісі бар асты қуырғанда немесе əзірлегенде таңдалады.
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Ескертпе. Қандай да бір техникалық қызметті көрсеткіңіз келсе немесе шамды тазартқыңыз не
ауыстырғыңыз келсе, сүзіндіні қуат желісінен ажыратыңыз.
1. Жарықтандыру
Екі шаммен (28Вт - 40Вт) қамтамасыз етіледі. Шамдарды ауыстыру үшін, келесі іс-əрекеттерді
орындаңыз (10-сурет): Шамның сейілткішінің бүйірлеріндегі штифттердің бірін алып тастаңыз.
Қарама-қарсы жақты босату үшін штифт алынып тасталған шыныны басқа жаққа итеріп қойыңыз,
содан соң шыныны астыға ақырындап тартыңыз. Шамдарды ауыстырып, жоғарыда сипатталған
операцияларды кері тəртіпте қайталап, шыныны өз орнына орнатып қойы
ңыз.
2. Сүзгілер
- Егер де сүзінді тұрақты негізде қолданылатын болса, металл тоңмай сүзгісін екі айда бір рет не
одан да жиірек тазалап тұру керек. Жұмсақ жуғыш құралды немесе сұйық сабынды қолдана
отырып, ыдыс жуатын машинада нем
есе қол
мен жууға болады. Орнатқан кезде, сүзгінің құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз.
- Көмір сүзгісін жууға болмайды. Егер сүзінді тұрақты негізде қолданылатын болса, оны ең сирек
дегенде 2 ай сайын немесе одан да жиірек ауыстырып тұрған жөн.
3. Тазалау
Сүзіндіні тазалау үшін ылғалды мата мен тұрм
ыстық қажеттілікке арналған жұмсақ сұйықтықты
қолданған дұрыс болады. Абразивті материалдарды қолдануға тыйым салынған.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Газ плитасын сүзіндімен бірге қолданған кез
де, сүзіндіні пайдал
анғанда
немесе плитаның үстінен кəстрөлдерді алғаннан кейін, плитаның жанарғыларын ешқашан да
ашық қалдырмаңыз. Сүзінділер мен сүзгілерді тазалау жөніндегі барлық нұсқауларды ұстанған
өте маңызды болып табылады. Егер де сүзгілер, берілген нұсқауларға сай ау
ыстырылмайтын
болса, онысы өрттің себепшісі бола алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сүзгілерді монтаждау, оларға қызмет көрсету жəне ауыстыру жөніндегі
нұсқауларды сақтанбағаннан кейін келтірілген қандай да бір нұсқан не зиян үшін өндіруші жауап
берм
ейді (сүзгілер маймен кірленген кезде, өрттің ықтимал туындау қаупін төндірмес үшін).