Aeg-Electrolux F99009M0P Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
FAVORIT 99009
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
TR BULAŞIK MAKİNESİ KULLANMA KILAVUZU 28
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg-electrolux.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
8 Бұйым сипаттамасы
8 Басқару панелі
12 Құрылғыны қолдану
12 Су жұмсақтайтын бұйымын салу
14 Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған
14 Жуғыш және шайғыш затты
қолдану
15 Мульти таб функциясы
16 Ас құралдары менен ыдыс-
аяқты салуs
18 Жуу программалар
20 Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау
21 Күту менен тазалау
22 Не істерсіңіз, егер...
25 Техникалық сиппатама
25 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
26 Орнату
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты
ұстауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы
мүмкін.
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және
ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және
мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан ағытылып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе
бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым
пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
Ішкі шам
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде қосылып, есік жабылған кезде сөнетін ішкі шамы
бар.
Назарыңызда болсын!
Шамнан көзге көрінетін сәуле шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
Жарық диодты шам IEC 60825-1: 1993 + A1:1997 + A2:2001 стандартына сәйкес 2-ші
сыныпқа жатады.
Сәулелену толқынының ұзындығы: 450 Нм
Ең үлкен қуат шығысы: 548 µW
Ішкі шамын ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ішкі шамын ауыстырар алдында құрылғының қуат ашасын розеткадан суырыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2
3
4
5
6
7
1
8
9
10
11
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Ең үстіңгі бүріккіш түтік
11 Жұмыс алаңы
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Құрылғыны іске қосуға бейнебеттегі хабарлар мен дыбыстық сигналдар көмектеседі.
8
Бұйым сипаттамасы
1
3
4
5
6
7
8
2
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Мәзірдің сенсор пернесі (жоғары)
3 Бейнебет
4 "Оралу" сенсор пернесі
5 "Бастау" сенсор пернесі
6 OK сенсор перне
7 "Мәзір" сенсор пернесі (төмен)
8 "Бейнебет" сенсор пернесі
Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, Auto Off функциясы
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
Бейнебет
A
B
C
Бейнебеттің үш аймағы бар. Бейнебет аймағында жұмыс істеу үшін оның жиегі
көрінгенше "бейнебет" сенсор пернесін баса беріңіз.
Бағдарл. аймағы (A)
Бұл бейнебет аймағында жуу бағдарламалары мен әр бағдарламаның уақыты
көрсетіледі. Жуу бағдарламасын орнату үшін 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
1. Осы бейнебет аймағына өту үшін "бейнебет" сенсор пернесін басыңыз.
2. "Мәзір" сенсор пернелерінің бірін басыңыз. Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Жуу бағдарламалары бар мәзір
Әр жуу бағдарламасының уақыты
3. Жуу бағдарламасын орнату үшін "мәзір" сенсор пернелерінің бірін басыңыз.
4. OK сенсор пернесін басыңыз. Бейнебетте үш аймақ көрсетіледі:
Басқару панелі
9
(A) аймағында жуу бағдарламасы және бағдарламаның уақыты көрсетіледі.
(B) аймағында жуу бағдарламасы аяқталатын уақыт көрсетіледі.
Бітті (B) аймағы
Жуу бағдарламасының басталуын 1 сағаттан 24 сағатқа дейін кідіртуге болады.
1. Осы бейнебет аймағына өту үшін "бейнебет" сенсор пернесін басыңыз.
2. Кешіктіріп бастау сағаттарының санын орнату үшін "мәзір" сенсор пернелерінің
бірін басыңыз.
Бейнебет аймағының жоғары бөлігінде кешіктіріп бастау көрсетіледі.
Бейнебет аймағыныңа төменгі жағында жуу бағдарламасы аяқталатын уақыт
көрсетіледі.
3. OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Мәзір параметрін жауып, (A) аймағына қайту үшін "оралу" сенсор пернесін
басыңыз.
Опциялар (C) аймағы
1. Осы бейнебет аймағына өту үшін "бейнебет" сенсор пернесін басыңыз.
2. Мәзір параметрлерін қарап шығу үшін "мәзір" сенсор пернелерінің бірін басыңыз.
3. Функцияны орнату үшін немесе ішкі мәзірді ашу үшін OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Мәзір параметрін жауып, (A) аймағына қайту үшін "оралу" сенсор пернесін
басыңыз.
Мәзір параметрі
Мәзір Ішкі мәзір Функцияның сипаттамасы
Multitab
Қосу
Өшіру
Егер құрама жуғыш
таблеткаларды ('3 in 1', '4 in
1', '5 in 1') қолдансаңыз,
multitab функциясын
қолданыңыз. 'Multitab
функциясы' тарауын қараңыз.
Extra hygiene
Қосу
Өшіру
Бұл функция гигиенаны
сақтауға қатысты жақсы
нәтижелер береді. Шаю циклі
кезінде температура 10-14
минут 70 °C градуста тұрады.
ProBoost
Қосу
Өшіру
Бұл функция су қысымын
40%-ға арттырады. Бұл
функция жуылатын ыдыс өте
лас болғанда жақсырақ
нәтиже береді.
Параметрлер Қазақ тілі
(Әр түрлі тілдерді таңдауға
болады).
Бейнебеттегі хабарлардың
тілін орнатуыңызға болады.
10
Басқару панелі
Мәзір Ішкі мәзір Функцияның сипаттамасы
Дыбыс жоғарлығы
Қосу
Өшіру
(5 түрлі деңгейі бар).
Дыбыстық сигналдардың
үнділігін реттеуге болады.
0 деңгей = дыбыс өшірілген.
Зауытта орнатылған
параметрлер: 5.
Уақыт Уақытты орнатуыңызға
болады.
Айқындық
(10 түрлі деңгейі бар).
Бейнебеттің жарықтылығын
өзгертуге болады.
Зауытта орнатылған
параметр: 10.
Контраст
(10 түрлі деңгейі бар).
Бейнебеттің контрастын
өзгертуге болады.
Зауытта орнатылған
параметр: 6.
Параметр. алып тастаң Құрылғының зауыттық
параметрлерін қалпына
келтіруге болады.
Су қысымы
(10 түрлі деңгейі бар).
Су жұмсартқыштың деңгейін
реттеуге болады. 'Су
жұмсартқышты орнату'
тарауын қараңыз.
Зауытта орнатылған
параметр: 5.
Шаю құралы
Қосу
Өшіру
Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосуға болады. Бұл функция
тек multitab функциясы
қосулы болғанда жұмыс
істейді.
Артқа Мәзір параметріне қайтуға
арналған.
Жуу көрсеткіштері Бағдарлама көрсеткіштері Бейнебетте жуу
бағдарламалары туралы
ақпарат пайда болады.
Опция көрсеткіштері Бейнебетте функциялар
туралы ақпарат көрсетіледі.
Деморежим
Қосу
Өшіру
Жуу бағдарламасын орындап
байқауға болады. Деморежим
тарауын қараңыз.
Зауытта орнатылған
параметр: Өшіру .
Артқа Мәзір параметріне қайтуға
арналған.
Басқару панелі
11
Деморежим
1. Мәзір параметріне өтіңіз.
2. Жуу көрсеткіштері параметріне өтіңіз.
3. Ішкі мәзірді таңдау үшін OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Деморежим параметріне өтіп, функцияны іске қосыңыз.
5. "Бейнебет" сенсор пернесін басыңыз.
Бейнебетте үш аймақ көрсетіледі: (A), (B) және (C).
Бейнебеттің жоғарғы сол жақ бұрышында DEMO белгішесі көрінеді. Функция
іске қосулы.
Құрылғыны іске қосу үшін функцияны өшіріңіз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
Құрылғыны алғаш рет іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Бейнебетте әдепкі тіл көрсетіледі: Language English.
Әдепкі тілді құптау үшін OK сенсор пернесін басыңыз.
Басқа тілді орнату үшін "мәзір" сенсор пернелерінің бірін басыңыз да, содан
кейін OK сенсор пернесін басыңыз.
3. Бейнебетте уақыт хабары көрсетіледі.
4. Уақытты орнату үшін "мәзір" сенсор пернелерінің бірін басыңыз.
5. OK сенсор пернесін басыңыз.
6. Бейнебет Бағдарл. аймағына өтеді.
Құрылғыны пайдалану
1. Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab
функциясын қолданыңыз. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай
минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді.
12
Құрылғыны қолдану
Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Судың кермектігін
реттеу
Неміс градусы
(dH°).
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
ондық
тәсілм
ен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші орынға
(кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Мәзір параметрін ашыңыз.
2. Параметрлер мәзіріне өтіңіз.
3. Ішкі мәзірді таңдау үшін OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Су қысымы параметріне өтіңіз.
5. OK сенсор пернесін басыңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
13
6. Су жұмсартқыштың деңгейін орнатыңыз.
7. OK сенсор пернесін басыңыз.
8. Мәзір параметрін жабу үшiн "оралу" сенсор пернесін басыңыз.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытына тұз салу
1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш
рет тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты
пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытына тұз салу қажет болғанда,
бейнебетте сондай хабар көрсетіледі. Жуу
бағдарламасы орындалып тұрғанда хабар көрсетілмейді.
Сауытқа тұз салғаннан кейін бейнебеттегі хабар бірнеше сағат көрініп тұра беруі
мүмкін. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Тұз сауытына тұз салған, одан су төгіледі, бұл дұрыс.
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
1
2
3
4
5
6
7
14
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Шайғыш зат үлестіргішті қалай толтыру керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
2
қақпағын ашу үшін
7
оны босататын түймешікті
басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
1
.
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы есігінің ішкі бетіне
жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне
салыңыз
1
.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолданған кезде ұзақ жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
Себебі қысқа жуу бағдарламалары таблеткаларды толық еріте алмайды және жуу
нәтижесін төмендетеді.
Шайғыш затты пайдалану
Шайғыш зат ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік
береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклы кезінде шайғыш затты автоматты түрде
қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Босату түймешігін
6
басып, шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын
5
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішіне
3
шайғыш заттан салыңыз. 'max' таңбаламасы ең
үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы барысында төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін
сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш зат салу қажет болғанда, бейнебетте сондай хабар
көрсетіледі. Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда хабар көрсетілмейді.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп) мәндерінің біріне
қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
4
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Мульти таб функциясы
15
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады.
Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың
орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат туралы хабарларды сөндіріп тастайды.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Жуу
бағдарламасы жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны қосып не өшіре алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
1. Мәзір параметрін ашыңыз.
2. Multitab параметріне өтіп, multitab функциясын іске қосыңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, ол қайта өшіргенше қосулы тұрады.
3. OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Мәзір параметрін жабу үшiн "оралу" сенсор пернесін басыңыз.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Мәзір параметрін ашыңыз.
2. Multitab параметріне өтіп, multitab функциясын өшіріңіз.
3. OK сенсор пернесін басыңыз.
4. Мәзір параметрін жабу үшiн "оралу" сенсор пернесін басыңыз.
5. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
6. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
7. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
8. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне қойыңыз.
9. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
16
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз
жеткізіңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
Сыра стақандарын ұстатқыш.
Сыра стақандарын ұстатқыштар жуу
бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанда,
стақандарды жылжытпайды.
Егер ұстатқыштарды пайдаланбасаңыз, оларды
жинап алып қойыңыз. Сондай-ақ тіреуішті де
алып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Тіреуішті алып-салған кезде абай болыңыз.
Ұстатқыштар мен тіреуішті алу үшін мына әрекеттерді жасаңыз:
1. Ұстатқыштарды тіреуіштен ағытыңыз
да, алып шығыңыз.
2. Тіреуішті ағытып алу үшін оны себеттің
артқы жағына қарай итеріңіз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
17
Ұстатқыштар мен тіреуішті салу үшін мына әрекеттерді жасаңыз:
1. Тіреуішті салу үшін оны себеттің
алдыңғы жағына қарай итеріңіз.
2. Ұстатқыштарды тіреуішке салыңыз.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама сипаттамасы
Автоматты
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
70° Pro Қатты
ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
Extra silent
2)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
60° Шапшаң
3)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
50° Энергия
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
50 минут Шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
ProZone
5)
Орташа
ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
45° Шыны Қалыпты не
шамалы
ластанған
Осал ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Құрғату
18
Жуу программалар
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама сипаттамасы
Алғашқы жуу Бұл бағдарламаны ыдыстарды
жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл
қалдықтардың ыдыстарға жабысып,
құрылғыдан жағымсыз иіс шығаруына
жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Шаю
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол температураны,
судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Бұл ең шуыл шығармайтын жуу бағдарламасы. Шуыл деңгейін азайту үшін сорғы өте төмен
жылдамдықпен жұмыс істейді. Жылдамдық төмен болғандықтан бағдарлама уақыты ұзақ.
3) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже
береді.
4) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ
деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
5) Осы бағдарламамен орташа ластанған ыдыстарды жууға болады. Қатты ластанған ыдыс астыңғы
себетте және қалыпты ластанған ыдыс үстіңгі себетте. Астыңғы себеттегі су қысымы үстіңгі себетке
қарағанда үш есе жоғары болады. Астыңғы себеттегі су температурасы үстіңгі себетке қарағанда 25%
пайыз жоғары болады.
Функциялар
Бағдарлама Extra hygiene ProBoost
Автоматты Иә, әсер етеді Иә, әсер етпейді
70° Pro Иә, әсер етпейді Иә, әсер етеді
Extra silent Иә, әсер етпейді Иә, әсер етпейді
60° Шапшаң Иә, әсер етеді Иә, әсер етпейді
50° Энергия Иә, әсер етеді Иә, әсер етпейді
50 минут Иә, әсер етеді Иә, әсер етпейді
ProZone Иә, әсер етпейді Иә, әсер етпейді
45° Шыны Иә, әсер етпейді Иә, әсер етпейді
Алғашқы жуу Иә, әсер етпейді Иә, әсер етпейді
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
Автоматты 0,9 - 1,7 8 - 15
70° Pro 1,4 - 1,6 13 - 14
Extra silent 1,1 - 1,2 9 - 11
60° Шапшаң 0,8 9
50° Энергия 0,9 - 1,0 9 - 11
50 минут 1,0 - 1,1 10 - 11
ProZone 1,3 - 1,5 14 - 15
45° Шыны 0,8 - 0,9 11 - 12
Жуу программалар
19
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
Алғашқы жуу 0,1 4
1) Бейнебетте бағдарлама уақыты көрсетіледі.
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және
ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
3. Жуу бағдарламасы мен функцияларын орнатыңыз.
4. "Бастау" сенсор пернесін басыңыз, кешіктіріп бастаудың кері санағы немесе жуу
бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Егер тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргіші бос болса, құрылғы автоматты
түрде іске қосылмайды. Бейнебетте тиісті хабарлар көрсетіледі. Қайтадан
"Бастау" сенсор пернесін басыңыз, кешіктіріп бастаудың кері санағы немесе жуу
бағдарламасы басталады.
Кешіктіріп бастаудың кері санағы аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты
түрде басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кешіктіріп бастаудың кері санағы үзіліп қалады. Есікті
жапқаннан кейін, кері санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын болдырмау
1. "Бастау" сенсор пернесін басыңыз.
2. Кешіктіріп бастауды болдырмау үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
3. "Бастау" сенсор пернесін басыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны
біржола тоқтату керек.
1. "Бастау" сенсор пернесін басыңыз.
2. Жуу бағдарламасын біржола тоқтату үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
20
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Aeg-Electrolux F99009M0P Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu