• Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға
салып немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға
орап салу керек.
• Шөлмектер: оларға қақпақ жауып,
есіктің шөлмек сөресіне немесе
шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау
керек.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтау керек.
5.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы
жүзеге асыру үшін мына маңызды
кеңестерді ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы кезде ешбір мұздатылатын
тағамды қосып салуға болмайды;
• жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз;
• тағамды жылдам және әбден
мұздату үшін, сондай-ақ кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана
жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,
жеке-жеке сақтаңыз.
• тағамды алюминий жұқалтырға
немесе полиэтилен орамға орап,
тағам орамдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамның
температурасы жоғарылап кетпес
үшін, жаңа, мұздатылмаған
тағамды мұздатылған тағамға
тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын
қысқартады;
• мұзды мұздатқыш бөліктен ала
сала пайдаланса, теріні қарып
жіберуі мүмкін;
• тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
5.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
• құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуыңыз.
• есіктің тығыздағыштарын жиі
тексеріп, қоқыстан арылту үшін
тазалап отырыңыз.
• шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ 11