ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін
өндіруші жауапты емес.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе
жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыдан алыс ұстаңыз, себебі құрылғы ысып тұрады. Жарақат алу немесе
мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау (Басқару құралдарын
құрсаулау) функциясы болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
• Құрылғыны тек білікті электрик орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің
бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
• Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алып тастаңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер мен
стандарттарды (қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша
ережелер, электр не газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар