Electrolux EC2640AOW Kullanım kılavuzu

Kategori
Dondurucular
Tip
Kullanım kılavuzu
EC2640AOW
.................................................. ...............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
TR SANDIK TİPİ DONDURUCU KULLANMA KILAVUZU 21
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды сақтау
үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы
болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
ҚАЗАҚ 3
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын
болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны
қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған
тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Құрылғыны тазалар алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
ОРНАТУ
Электр желісіне қосу үшін арнайы
тармақта берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғының орамын ашып, еш жерінің
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Нұқсан келген
құрылғыны ешқашан қоспаңыз. Құрылғыға
зақым келгенін байқасаңыз дереу сатып
алған жеріңізге хабарлаңыз. Бұндай
жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғының майы компрессорға қарай
ағуы үшін кем дегенде төрт сағат күтуді
ұсынамыз.
Құрылғының айналасында ауа алмасып
тұруға жеткілікті орын болуға тиіс, әйтпесе
құрылғы қатты ысып кетеді. Ауаның
жеткілікті түрде алмасып тұруын
қамтамасыз ету үшін құрылғыны орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны қыздырғыштарға немесе
пештерге жақын орнатуға болмайды.
Құрылғыны орнатып болғаннан кейін, оның
ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ҚЫЗМЕТ
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
4
www.electrolux.com
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
ҚАЗАҚ 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
5
7
8
9
10
12
6
3
4
11
1
Қақпақтың тұтқасы
7
Тор себет
2
Қауіпсіздік бекітпесі
8
Тығырық: қақпақты оңай ашу
3
Тығыздағыш
9
Үстіңгі қыры
4
Ауа кіретін саңылаулары
10
Жарықтама
5
Ауа шығатын саңылаулары
11
Мұз текшелерін қатыратын бөлік
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
12
Мұз қатырмайтын жүйенің ауа шығаратын
саңылаулары
6
www.electrolux.com
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 32 54
1
Температураны реттейтін түймешік
2
Құрылғы ON/OFF түймешігі
3
Температура мен функция индикаторы
4
Растау түймешігі
5
Функция түймешігі
БЕЙНЕБЕТ
Артық температураны ескерту
сигналы
Егер жанып тұрса, функция таймері
қосулы
Егер жанып тұрса, құрылғы қосулы;
егер жылдам жыпылықтап тұрса,
Frostmatic функциясы қосулы
Егер қосулы тұрса бала қауіпсіздігінің
функциясы қосулы
Теріс температура индикаторы Егер жанып тұрса, Frostmatic
функциясы қосулы
Температура индикаторы Егер қосулы тұрса Сусынды
салқындату функциясы қосулы
Егер жанып тұрса, Эко режимі
функциясы қосулы
ІСКЕ ҚОСУ
Ашаны розеткаға қосқан соң бейнебет
жанбаса, құрылғының ON/OFF түймешігін
басыңыз.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін ол ескерту
күйінде болады, температура жыпылықтап,
ызылдаған дыбыс естіледі.
Растау түймешігін басыңыз, сонда дыбыстық
сигнал ("Артық температураны ескерту
сигналы" тарауын қоса қараңыз ) сөнеді де,
белгішесі жыпылықтаған күйі қалады және
индикаторында құрылғы ішінде
қалыптасқан ең жылы температура
көрсетіледі.
Тағамды дұрыс сақтау үшін Эко режимі
функциясын таңдаңыз, ол мына
температуралардың орнатылуын қамтамасыз
етеді:
мұздатқышта -18°C
Мұздатқыш бөлікке тағамды салмас бұрын
бөліктің ішіндегі температура -18°C мәніне
жеткенше күтіңіз.
Басқа температураны таңдау үшін
"Температураны реттеу" тарауын қараңыз.
СӨНДІРУ
Құрылғыны ON/OFF түймешігін 1 секундтан
астам басып сөндіруге болады.
Осы кезде температураның -3 -2 -1-ден
басталатын кері санағы көрсетіледі.
Назарыңызда болсын!
Басқару панеліне ешбір зат
қоймаңыз, себебі мұздатқышты
байқаусызда сөндіріп жіберуі мүмкін.
Құрылғының қолданыс мерзімі ұзақ
болуы үшін мұздатқышты 10
минуттың ішінде қосып-сөндірмеңіз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Мұздатқыштың белгісі,
мұздатқышта жаңа тағамдарды, сонымен
қатар, тоңазытылған және мұздатылған
тағамды ұзақ уақыт сақтауға болатынын
көрсетеді. Температураны -15°C және -24°C
аралығына қоюға болады. Бөліктің ішіндегі
температураны шамамен -18°C градусқа
қоюды ұсынамыз, бұл мұздатылған тағамды
ҚАЗАҚ 7
дұрыс сақтау және мұздату үшін тиімді
температура болып табылады.
Температураны температураны реттеу
түймешігін қолданып реттеуге болады.
Температураны реттеу түймешігін басқан
кезде индикатордағы ағымдық температура
жыпылықтайды да, түймешікті қайта басқан
кезде жыпылықтаған температураны
өзгертуге болады.
Таңдалған температураны Растау түймешігін
басып құптайсыз. Температура
индикаторында қайта бөліктің ішіндегі
температура көрсетіледі.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Ұзақ уақыт қолданбай барып қолданған кезде,
температураны қайта орнату қажет емес,
себебі ол орнап тұрады.
Назарыңызда болсын!
Температура тұрақтанған кезде,
бастапқы көрсетілген температура
орнатылған параметрдің
температурасынан басқаша болады.
Осы уақытта көрсетілген
температура орнатылған
параметрдің температурасынан
басқаша болуы мүмкін.
Көрсетілген температура мен
орнатылған параметрдің
температурасының арасындағы
айырмашылық қалыпты болып
есептеледі. Әсіресе:
жаңа параметр жақында таңдалса
есік ұзақ уақыт ашық тұрса
бөлікке жылы тағам қойылса
Бөліктің ішкі температурасының
айырмашылығы 5°C градусқа дейін болса,
қалыпты деп есептелінеді.
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
индикатор бөліктің ішіндегі ең жылы
температураны көрсетіп тұрады.
ФУНКЦИЯЛАР МӘЗІРІ
Функция түймешігін басқанда функциялар
мәзірі жұмыс істейді. Әр функцияны Растау
түймешігін басып құптауға болады. Егер
растау түймешігі басылмаса бірнеше
секундтан кейін бейнебетте мәзір көрсетілмей
де, қалыпты күйге оралады. Төмендегі
функциялар көрсетіледі:
Артық температураны ескерту сигналы
Балалар құлпы функциясы
Эко режимі функциясы
Frostmatic функциясы
Сусынды салқындату функциясы
АРТЫҚ ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ
Бөліктегі температураның артуы (мысалы,
электр қуаты үзіліп қалуы себепті)
төмендегілер арқылы көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбыстық сигнал естіледі
Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
•дыбыстық сигнал өшеді
температура мәні жыпылықтауын
жалғастырады
Дыбыстық сигналды өшіру үшін растау
түймешігін басқан кезде, температура
индикаторында бөліктің ішінде орын алған ең
жоғарғы температура бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Содан кейін таңдалған бөліктің
температурасын көрсетіп, қалыпты жұмыс
күйіне оралады.
Ескерту сатысында растау түймешігін басып
дыбыстық сигналды ажыратуға болады.
Дыбыстық сигналдың ықтимал себептері:
Жаңа тағам көп мөлшерде салынған.
Есік ұзақ уақыт бойы ашық тұрған.
Жүйенің басқа ақауы болуы мүмкін.
"Ақаулықты түзету" кестесін қараңыз.
БАЛАЛАР ҚҰЛПЫ ФУНКЦИЯСЫ
Балалар құлпы функциясы Функция
түймешігін тиісті белгіше
пайда болғанша
(қажет болса бірнеше рет) басқан кезде
қосылады.
8
www.electrolux.com
Таңдауды растау түймешігін бірнеше секунд
ішінде басып құптау керек. Дыбыстық сигнал
естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Осы
күйде пернелер арқылы жасалған кез келген
әрекет ешқандай өзгеріс тудырмайды, себебі
осы функция іске қосулы.
Бұл функцияны кез келген уақытта Функция
түймешігін тиісті белгіше жыпылықтағанша
басып, содан кейін растау түймешігін басып
ажыратуға болады.
ЭКО РЕЖИМІ ФУНКЦИЯСЫ
Эко режимі функциясы Функция түймешігін
тиісті белгіше
пайда болғанша (қажет
болса бірнеше рет) басқан кезде қосылады
(немесе температураны -18°C градусқа
қойыңыз).
Таңдауды растау түймешігін бірнеше секунд
ішінде басып құптау керек. Дыбыстық сигнал
естіледі де, белгіше жанып тұра береді.
Осы кезде таңдалған температуралар
автоматты түрде орнап (- 18°C), тағам сақтау
үшін ең қолайлы жағдай қалыптасады.
Бұл функцияны кез келген уақытта
бөліктердің біріндегі температураны өзгерту
арқылы ажыратуға болады.
FROSTMATIC ФУНКЦИЯСЫ
Мұздатқыш бөлікті сату үшін мұздатылған
және қатты мұздатылған тағамды ұзақ
мерзімге сақтау үшін және жаңа тағамды
мұздату үшін қолданған қолайлы.
24 сағатта мұздатуға болатын тағамның ең
үлкен мөлшері сериялық нөмір
тақтайшасында көрсетілген.
Жаңа тағамдарды мұздату үшін Frostmatic
функциясын іске қосу керек. Функция
түймешігін (қажет болса бірнеше рет) тиісті
белгіше көрсетілгенше
басыңыз.
Таңдауды растау түймешігін бірнеше секунд
ішінде басып құптау керек. Дыбыстық сигнал
естіледі де, бейнебетте сызықтар қимылдап
көрсетіледі.
Алдын ала 24 сағат суытқаннан кейін
тағамдарды мұздатқышқа салыңыз.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт ішінде мұздатқышқа басқа тағам
салмаңыз.
Бұл функция 54 сағаттан кейін өздігінен
тоқтайды.
Бұл функцияны кез келген уақытта Функция
түймешігін тиісті белгіше жыпылықтағанша
басып, содан кейін растау түймешігін басып
ажыратуға болады.
СУСЫН САЛҚЫНДАТУ
ФУНКЦИЯСЫ
Сусын салқындату функциясы шөлмектерді
мұздатқыш бөлікке қойғанда қауіпсіздік
құралы ретінде қолданылады. Бұл функция
Функция түймешігін тиісті белгіше
пайда
болғанша (қажет болса бірнеше рет) басқанда
іске қосылады.
Таңдауды растау түймешігін бірнеше секунд
ішінде басып құптау керек. Дыбыстық сигнал
естіледі де, белгіше жанып тұра береді.
Осы күйде бұл таймерді 30 минуттық
бастапқы мәні бойынша іске қосады және оны
1 минуттан 90 минутқа дейін Температураны
реттеу тетігін басып өзгертуге болады.
Таңдалған уақыт аяқталған кезде келесі
белгілер көрсетіледі:
индикаторында белгішесі
жыпылықтайды
белгішесі жыпылықтайды
белгішесі жыпылықтайды
Растау түймешігі басылғанша дыбыстық
сигнал естіледі
Осы кезде мұздатқыш бөліктегі сусындарды
алуды ұмытпаңыз.
Бұл функцияны кез келген уақытта Функция
түймешігін тиісті белгіше жыпылықтағанша
басып, содан кейін растау түймешігін басып
ажыратуға болады.
ҚАЗАҚ 9
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
10
www.electrolux.com
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен
тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC
функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы
бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
ТАҒАМ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЕБЕТТЕР
AB
Себеттерді мұздатқыштың (А) үстіңгі жиегіне
іліңіз немесе мұздатқыштың ішіне (В)
қойыңыз. Осы екі орындағы тетіктерді суретте
көрсетілгендей бұрап қатайтыңыз.
230
200
946 1061
1201
1336 1611
Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі кіреді.
Келесі суреттерде мұздатқыштың әр түрлі
үлгілерінің ішіне қанша себет салуға
болатыны көрсетілген.
Қосымша себеттерді жергілікті қызмет көрсету
орталығынан сатып алуға болады.
ҚАЗАҚ 11
ЖЫЛДАМ МҰЗДАТАТЫН СЕБЕТ
Бұл жылдам мұздатуға арналған себет.
Сақтандыру туралы ескерту!
Себет мұз қатырмайтын жүйені
қорғап, қалыпты жұмыс режимін
қалыптастыру үшін тиісті түрде
желдетіп тұратындықтан, оны суретте
көрсетілген жерге ғана орнатып, осы
жерден ешқашан алмау керек.
ҚАУІПСІЗДІК БЕКІТПЕСІ
Мұздатқыш байқаусызда бекітіліп қалмас үшін
арнайы бекітпемен жабдықталған. Бекітпе
қақпақты кілтті бұраған кезде ғана жабылатын
етіп жасалған, яғни қақпақты жабу үшін әуелі
кілтті бекітпеге салып бұрау керек.
Мұздатқышты жабу үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1.
кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.
2.
кілтті сағат тілінің бағытымен белгісіне
қарай бұраңыз.
Мұздатқышты ашу үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1.
кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.
2.
кілтті сағат тілінің бағытына қарсы
белгісіне қарай бұраңыз.
Қосымша кілттерді жергілікті Қызмет
көрсету орталығынан алуға болады.
Назарыңызда болсын!
Кілттерді балалардан алыс ұстаңыз.
Ескірген құрылғыны қоқысқа
тастайтын кезде кілтті бекітпеден
алып қоюды ұмытпаңыз.
МҰЗ ТЕКШЕЛЕРІН ҚАТЫРУ
A
B
Мұз текшелерін қатыратын қалыпты тігінен
ұстап тұрып, суретте көрсетілген (А) макс.
сызығына дейін су толтырыңыз.
Қақпағын (B) жабыңыз да, мұздатқыштың
үстіңгі жағындағы мұз текшесін қатыратын
қалыптың қойғышына салыңыз.
Мұз текшелерін босату үшін мұз текшелерін
қатыратын қалыпты майыстырыңыз немесе
бірнеше секунд ағып тұрған суға ұстаңыз.
Назарыңызда болсын!
Мұз текшелерін қатыратын қалыпты
алу үшін өткір немесе ұшы үшкір
құралдарды қолданбаңыз.
ЕСІКТІ АШУ ЖӘНЕ ЖАБУ
Есікке мықты тығыздағыш орнатылғандықтан,
оны жаба сала дереу ашу мүмкін емес
(вакуумның пайда болуына байланысты)
Құрылғының есігін қайта ашар алдында
бірнеше минут күтіңіз. Есікті ашуға вакуум
клапан көмектеседі.
Назарыңызда болсын!
Тұтқаны ешқашан күшпен тартпаңыз.
12
www.electrolux.com
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕС
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз
жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.
Тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу
түсе бастайды және оны қайта мұздатуға
болмайды.
Тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық
мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
ҚАЗАҚ 13
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
МЕРЗІМДІ ТАЗАЛАУ
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
3.
Құрылғыны және оның керек-жарақтарын
жылы су мен бейтарап сабынды
қолданып мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын абайлап
тазалаңыз.
4.
Саңылаулары бар еден тақтасын
алыңыз.
5.
Құрылғыны жақсылап құрғатыңыз.
6.
Саңылаулары бар еден тақтасын
салыңыз.
7.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
8.
Құрылғыны іске қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш құралдарды, әтір
иісті заттарды немесе балауызды
қолданбаңыз.
Салқындату жүйесіне зақым
келтірмеңіз.
Компрессор тұратын аумақты
тазалаудың қажеті жоқ.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚЫРАУЫН ЕРІТУ
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда
құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды
дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық
ауаның болуына байланысты.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНБАҒАН
КЕЗДЕ
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған
кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1.
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
2.
барлық тағамдарды шығарыңыз
3.
құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз
4.
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есігін
ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып қалдыратын
болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып
кетпес үшін, басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
14
www.electrolux.com
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықты тек электрші маман
немесе білікті адам ғана анықтауға
тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған
кезде шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың
айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс)
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жылырақ температураға
қойыңыз
Есік тым жиі ашылған Есікті қажет болмаса ұзақ
ашып қоймаңыз
Есік дұрыс жабылмаған Есіктің дұрыс жабылатынын,
тығыздағыштарға зақым
келмегенін және таза екенін
тексеріңіз
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде
қатар салынған
Бірнеше сағат күтіңіз, содан
кейін температурасын қайта
тексеріңіз
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған
Тағамды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан кейін
салыңыз
Құрылғы тұрған бөлменің
температурасы, құрылғының
тиімді жұмыс жасауы үшін
тым жоғары
Құрылғы тұрған бөлменің
температурасын төмендетуге
тырысыңыз
Дыбыстық сигнал мен
жыпылықтап тұрған
ескерту белгісі
Мұздатқыштың іші тым жылы "Басқару панелі" бөліміндегі
"Артық температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз
Есік әбден жабылмаған Есіктің тығыздағыштарына
қоқыс жиналған немесе олар
жабысқақ болып қалған
Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз
Тағамның орамдары есікке
кедергі жасап тұр
Тағам орамдарын дұрыс
орналастырыңыз,
құрылғыдағы жапсырмаға
қараңыз
Есікті ашу қиын Есіктің тығыздағыштарына
қоқыс жиналған немесе олар
жабысқақ болып қалған
Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз
Клапан бітеліп қалған Клапанды тексеріңіз
ҚАЗАҚ 15
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Шам жанбайды Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз
Мұздатқыштың іші өте
жылы
Температура дұрыс
орнатылмаған
Төменірек температураға
қойыңыз
Есік әбден жабылмайды
немесе дұрыс жабылмаған
Есіктің дұрыс жабылатынын,
тығыздағышқа зақым
келмегенін және таза екенін
тексеріңіз
Есік тым жиі ашылған Есікті жиі ашпауға тырысыңыз
Есік ұзақ уақыт ашық тұрған Есікті қажет болмаса ұзақ
ашып қоймаңыз
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде
қатар салынған
Бірнеше сағат күтіңіз, содан
кейін температурасын қайта
тексеріңіз. Келесі жолы
тағамдарды бір салғанда аз-
аздан салып тоңазытыңыз.
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған
Тағамды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан кейін
салыңыз.
Тоңазытылатын тағамдар
бір-біріне өте жақын
қойылған
Тағамдардың арасына суық
ауа алмасып тұратын орын
қалдырып қойыңыз
Мұздатқыштың іші тым
суық
Температура дұрыс
орнатылмаған
Жылырақ температураға
қойыңыз
Құрылғы мүлдем жұмыс
істемейді.
Құрылғының ашасы
розеткаға дұрыс сұғылмаған
Ашаны розеткаға дұрыс
қосыңыз
Құрылғы тоққа қосылмайды Розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз
Құрылғы қосылған жоқ Құрылғыны іске қосыңыз
Розеткада кернеу жоқ (осы
розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз)
Электршіні шақырыңыз
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
Егер шамды ауыстыру қажет болса:
16
www.electrolux.com
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз
шамның қақпағын сызбада көрсетілгендей
бұранда бұрағышпен алыңыз
шамның орнына тұрмыстық құрылғыларға
арналған, қуат параметрі дәл сондай
шамды салыңыз. (ең үлкен қуат мәні шам
жарығын таратқышта көрсетілген)
шамның қақпағыш ауыстырып, құрылғыны
қайта жалғаңыз
Назарыңызда болсын!
Шамның қақпағы жоқ болса немесе
оған зақым келсе, құрылғыны іске
қоспаңыз.
ҚАЗАҚ 17
ОРНАТУ
ОРНАЛАСТЫРУ
Назарыңызда болсын!
Егер есігінде құлпы немесе бекітпесі
бар ескі құрылғыны тастағыңыз
келсе, құрылғының ішіне кішкене
балалар қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпелерін іске жарамсыз етіп
тастаңыз.
Құрылғының ашасына орнатып
болғаннан кейін қол жетіп тұруға тиіс.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін
(гараж немесе қойма) тәрізді жерге орнатуға
болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін оны,
температурасы құрылғының техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы
санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
ЖЕЛДЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
1.
Құрылғыны орнықты жерге тігінен
қойыңыз. Құрылғыны төрт тірегі бірдей
көтеріп тұруға тиіс.
2.
Құрылғы мен артқы қабырғаның
арасында 5 см орын болуын қамтамасыз
етіңіз.
3.
Құрылғының екі жақ жанынан 5 см орын
қалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының арт жағында ауа жақсы айналып
тұруға тиіс.
18
www.electrolux.com
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде
түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRRR!
OK
CLICK!
CLICK!
BRRR!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
ҚАЗАҚ 19
HISSS!
HISSS!
SSSRRR!
SSSRRR!
CRACK!
CRACK!
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Биіктігі × Ені × Тереңдігі (мм): Қосымша техникалық деректерді
құрылғының сыртқы оң жағында
орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз.
876 × 1336 × 665
Көтерілу уақыты 49 сағат
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40

Electrolux EC2640AOW Kullanım kılavuzu

Kategori
Dondurucular
Tip
Kullanım kılavuzu