Electrolux EWP86100W Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
Қолдану туралы
нұсқаулары
kullanma kılavuzu
Кір жуғыш машина
Çamaşır Makinesi
EWP 86100 W
EWP 106100 W
EWP 126100 W
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Мұз қатудан сақтандыру шаралары
4
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 5
Бұйым сипаттамасы 6
Техникалық сиппатама 6
Орнату 6
Бірінші қолдану 11
Əркүндік қолдану 11
Жуу бағдарламалары 20
Пайдалану көлемі 23
Күту менен тазалау 24
Не істерсіңіз, егер... 27
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Мұқият оқып шығыңыз
да, болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркəсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде қауіпсіздік
туралы төмендегі ақпаратты беруді
міндетіміз деп санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны болашақта
қарау үшін құрылғымен бірге сақтап
қою қажет. Құрылғы сатылса не басқа
пайдаланушыға берілсе не өзіңіз
көшіп
, құрылғыны қалдырсаңыз, оның
жаңа иесі құрылғының функциялары
мен оған қатысты ескертулерден
хабардар болу үшін осы кітапшаны
құрылғымен бірге қалдырудың
маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын осы ақпаратты мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген
құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.
Бөлшектері бүлінген жағдайда,
сатушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғы
қыстың температурасы
нөлден төмен суық айларында
жеткізілсе, оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Бұл құрылғы тек тұрмыста пайдалану
үшін жасалған. Мұз қату салдарынан
болған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді. "Мұз
қатуға қарсы сақтық шаралары"
тарауын қараңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
Осы өнімнің техникалық
сипаттамаларын өзгерту не оны
түрлендіруге əрекет жасау қауіпті.
Жоғары
температурада жуатын
бағдарламаларды қолданғанда
есіктің шынысы қызып кетуі мүмкін.
Оны қолмен ұстамаңыз!
Кішкене балалар мен үй
жануарларының барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
құрылғыны қолданар алдында
барабанның ішін тексеріңіз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге,
бұрамашеге, тас сияқты не басқа да
қатты, өткір заттар қатты бүлдіруі
мүмкін болғандықтан, оларды
құрылғыға салмау керек.
Мата
жұмсартқыш пен жуғыш затты
көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Оларды шамадан
артық салсаңыз, матаға зиян келтіруі
мүмкін. Қолдану мөлшерін өндіруші
нұсқаулығынан қараңыз.
Ұйық, баулар, жуылатын белдіктер
т.с.с. сияқты ұсақ бұйымдарды кір
салатын арнайы торға не жастық
қапқа салыңыз, себебі мұндай заттар
сыртқы жəне ішкі барабанның
арасына түсіп кетуі мүмкін.
2 electrolux
Құрылғыны қыл өткізілген киім-кешек,
жиегі көмкерілмеген не жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап жəне жөндеп
болғаннан кейін құрылғыны əрқашан
тоқтан суырып, су беретін түтігін
жабыңыз.
Құрылғыны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттауы не
машинаға елеулі ақау келтіруі мүмкін.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Əрқашан
тек
фирмалық бөлшектерді пайдалануды
талап етіңіз.
ОРНАТУ
Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Пайдаланбас бұрын орауыштары мен
тасымалдау бұрандаларының
барлығын алу керек. Бұлай
істемесеңіз, құрылғыға немесе басқа
заттарға да елеулі нұқсан келуі
мүмкін. Пайдаланушы
нұсқаулығындағы тиісті тарауды
қараңыз.
Бұл жеке тұратын құрылғы.
Жиһаздың астына ОРНАТПАҢЫЗ,
үстіңгі бетін ешқашан АЛМАҢЫЗ.
Құрылғыны орнатып болған
соң, оның
су құятын жəне төгетін түтікті басып
тұрмағанын, қорек сымының жұмыс
алаңы мен қабырға арасында
қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.
Машинаны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз.
Еденнің қандай да бір кедір-бұдырын,
құрылғының астына тақтай, ағаш не
сол сияқты заттарды қойып тегістеуге
тырыспаңыз.
Құрылғы кілем төселген еденге
қойылса, құрылғының астыңғы
жағында ауа еркін айналуы үшін
оның
аяқтарын реттеңіз.
Құрылғының қабырғаға немесе басқа
да ас үй құрылғыларына тиіп
тұрмағанын тексеріңіз.
Бұл құрылғыны міндетті түрде
суық су жүйесіне қосу керек.
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін ескі
құрылғының түтігін қолданбаңыз.
Əрқашан құрылғымен бірге
жеткізілген түтікті пайдаланыңыз.
Су құятын түтікті ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса жəне су
шүмегін орнынан
жылжытқыңыз
келмесе, осындай қосылымға
арналған жаңа əрі ұзын түтік сатып
алу қажет.
Орнатып болғаннан кейін құрылғының
түтіктері мен қосылымдарынан су
ақпайтынын үнемі тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұз қатуы мүмкін жерге
қойылса, «Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары» тарауын оқыңыз. Мұз
қату салдарынан болған ақау үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Құрылғыны орнату барысындағы су
жүйесіне қосу жұмыстарының
барлығын
кəсіпқой сантехник не
білікті адам орындауға тиіс.
Осы құрылғыны орнату үшін қажетті
кез келген электр жұмыстарын білікті
маман немесе құзырлы адам жүзеге
асыруға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы тек тұрмыста
пайдалануға арналған. Құрылғыны
өзінің арналған мақсатынан басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек машинада жууға болатын
маталарды ғана жуыңыз. Əр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс
жүк
салмаңыз. "Жуу бағдарламалары
кестесін" қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екенін, түймелер
мен сырғытпалардың салынғанын
тексеріңіз. Тозығы жеткен не жыртық
заттарды жумаңыз, бояу, сия, тот,
шөп нілінен қалған дақтарды алдын
ала кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
Жуғыш зат үлестіргішінде сұйық
жуғыш затқа арналған кіріктірме бөлік
бар. Алдын ала жуу
, кешіктіріп бастау
функциялары бар бағдарламаларда
жуғыш гельдерді қолдану үшін
кіріктірме бөлікті төмен қаратып
салмаңыз. Жуғыш затпен бірге
electrolux 3
берілген өлшегіш шар немесе сашені
барлық жағдайда қолдануға болады.
Жуу циклының соңында өлшегіш
құралды алыңыз.
Тұтанғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
Ашаны розеткадан ешқашан қорек
сымынан тартып ағытпаңыз; əрқашан
ашаның өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымына,
басқару панеліне,
жұмыс алаңына не түбіне нұқсан
келіп, ішкі жағы ашық қалған кір
жуғыш машинаны ешқашан
пайдаланбаңыз.
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау бермесе,
олардың бұл
құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Орам материалдары (мысалы,
пластик орам, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкінтұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Құрылғы балалар мен
үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды қосу
үшін есіктің ішкі жағындағы түймешікті
(баспай тұрып) сағат тілінің
бағытымен таңбасы көлденең
қалыпқа келгенше бұраңыз. Қажет
болса тиынды пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, таңбасын тік
қалыпқа келтіріңіз.
МҰЗ ҚАТУДАН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Егер құрылғы температурасы 0°C
градустан түсетін жерге қойылса,
құрылғының ішінде қалған суды төгу
үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. құрылғыны тоқтан ажыратыңыз;
2. су құятын шүмекті жабыңыз;
3. су құятын түтікті шүмектен
ағытыңыз;
4. су төгетін түтікті артқы тіреуіштен
ағытып, раковина немесе төлкеден
алыңыз;
5. шараны еденге қойыңыз;
6. Су төгетін түтікті еденге төсеп, су
төгетін жəне құятын түтіктердің
ұштарын еденге қойылған шараға
салып суын əбден ағызыңыз;
4 electrolux
7. су құятын түтікті қайта орнына
бұрап, су төгетін түтікті қайта
орнатыңыз;
Құрылғыны қайта іске қосқыңыз келген
кезде, бөлме температурасының 0°C
градустан жоғары екендігіне көз
жеткізіңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
жəне электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін
.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
əкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫ
Қайта өңдеуден өткізуге болатын
материалдар
белгішесі арқылы
белгіленген.
>PE<=полиэтилен
>PS<=полистирол
>PP<=полипропилен
Бұл аталмыш материалдарды тиісті
жəшіктерге дұрыс салып тастаған
жағдайда қайта өңдеуден өткізуге
болатындығын көрсетеді.
ЭКОЛОГИЯҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС
Су мен қуатты үнемдеу арқылы
қоршаған ортаны қорғауға өз септігіңізді
тигізу үшін төмендегі кеңестерді
орындауды ұсынамыз:
Қалыпты кірлеген кір киімді жуғыш
затты, су мен уақытты(қоршаған орта
да қорғалады!)үнемдеу үшін
алдын
ала жумай-ақ жууға болады.
Кірді толтыра салған кезде машина
неғұрлым тиімді жұмыс жасайды.
Дақ пен кірді алдын ала дұрыс
тазалау арқылы кетіруге болады;
содан соң кірді төменгі
температурада жууға болады.
Жуғыш затты судың кермектігі, кірдің
ауқымы жəне жуылатын кірдің
мөлшеріне қарай өлшеп алыңыз.
electrolux 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
4
5
6
9
7
10
11
12
8
1
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасы
2
Жұмыс алаңы
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
(ішкі жақтауда)
6
Алдыңғы өзгермелі аяқтар
7
Су төгетін түтік
8
Су төгетін түтіктің тіреуіші
9
Түтік ұстатқыштар
10
Су құятын түтік
11
Қорек сымы
12
Артқы аяқтары
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Ені
Биіктігі
Тереңдігі
Тереңдігі (Сыртқы
өлшемдері)
60 см
85 см
50 см
55 см
Электртоғына қосу
КернеуЖалпы қуат -
Сақтандырғыш
Электр қосылымына қатысты мəлімет құрылғы есігінің ішкі
жиегінде орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Құйылатын судың қысымы Ең азы
Ең көбі
0,05 МПа
0,8 МПа
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 800 мин/айн (EWP86100W)
1000 мин/айн
(EWP106100W)
1200 мин/айн
(EWP126100W)
ОРНАТУ
ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатар алдында
"Қауіпсіздік туралы ақпарат"
тарауын мұқият оқыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тасымалдау құралдарының
барлығын алып, құрылғыны кейін
көшіретін жағдай туса қолдану үшін
барлығын сақтап қойыңыз.
6 electrolux
x 3
x 3
x 2
x 1
B
A
C
Қажетті құралдар
1)
10 mm 30 mm
Сыртқы орамын алыңыз. Қажет болса
пышақты қолданыңыз.
Үстіңгі картонды алыңыз.
Полистирол орам материалдарын
алыңыз.
Орамның алдыңғы жақ бөлігін
құрылғының артындағы еденге төсеп,
содан кейін үстіне құрылғының артқы
жағын қаратып абайлап жатқызыңыз.
Осы кезде құрылғының ешбір түтігінің
жаншылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Астыңғы жағындағы полистирол
төсемді алыңыз.
2
1
Құрылғыны қайта тіктеп қойыңыз.
Есігін ашып, пластик түтік
бағыттағышты, нұсқаулық кітапша
мен пластик тығындар салынған
қалтаны барабаннан алыңыз.
Қорек сымын алыңыз, су төгетін жəне
су құятын түтіктерді құрылғының арт
жағында орналасқан түтік
ұстатқыштардан (C) алыңыз.
1) Бұл құралдар құрылғымен бірге жеткізілмейді.
electrolux 7
Үш болтты (A) ағытып, түтік
ұстатқыштарды (C) алыңыз.
Тиісті пластик төсемдерді де (B)
алыңыз.
Назарыңызда болсын! Су төгетін
түтікті артқы тіректен алмаңыз.
Осы түтікті суды төгу қажет
болса ғана алыңыз. "Мұз
қатудың алдын алу" жəне "Келесі
жағдайларда не істеу керек"
тарауларын қараңыз.
Үстіңгі кішкене тесік пен екі үлкен
тесікті, пластик тығындармен тиісінше
бітеңіз.
ОРНАЛАСТЫРУ ЖƏНЕ ДЕҢГЕЙЛЕУ
Құрылғыны аяқтарын көтеру не төмен
түсіру арқылы реттеп қойыңыз. Үлгі
түріне қарай, құрылғының төрт
өзгермелі аяғы немесе екі алдыңғы
өзгермелі аяғы жəне екі артқы
өзгермейтін аяқтары болады.
Құрылғы тегіс, əрі орнықты да қатты
еденге қойылуға ТИІС. Қажет болса,
деңгейді ватерпас көмегімен тексеріп
көріңіз. Қажетті түзетулерді гайка
кілтінің көмегімен жүзеге асыруға
болады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнату діріл,
шу, не машина іске қосылып тұрған
кезде орнынан жылжып кетпеуге
көмектеседі.
Құрылғы тік, əрі орнықты тұрмаса
деңгейін қайта реттеңіз.
8 electrolux
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК
Түтікті шүмекке 3/4” резьбасы бар
тығырық арқылы жалғаңыз.
Су шүмегінің қалай орналасқанына
байланысты, түтікті оңға не солға
қарай бұрыш жасатып қою үшін
дөңгелек тығырықты босатыңыз. Су
құятын түтікті төмен қаратып
қоймаңыз.
45°
35°
Су құятын түтікті дұрыс
орналастырған соң су жылыстап ағып
кетпес үшін, шығырық тəрізді
тығырықты қатайтып бұрауды
ұмытпаңыз.
СУ ТӨГУ
Қажет болса, пластик түтік
бағыттағышты қолданып су төгетін
түтіктің ұшын имектеңіз.
Су төгетін түтіктің ұшын төрт түрлі
жолмен орнатуға болады:
Пластик түтік бағыттағышты
қолданып, раковинаның жиегінен
асырып салу.
Құрылғының суы төгіліп жатқанда су
төгетін түтік шығып кетпес үшін,
пластик түтік бағыттағышты шүмекке
баумен байлап қойыңыз.
Раковина төлкесіне бекіту арқылы.
Су төгетін түтікті төлкеге қарай итеріп,
қапсырғышпен бекітіңіз,
раковинадағы жуынды су құрылғыға
кіріп кетпес үшін су төгетін түтік иіліп
тұрсын.
Егер бұл төлке бұрын
пайдаланылмаса, орнында тұруы
мүмкін тығындағыш қақпақшаны
алыңыз.
Ақаба су құбырына 60 см-ден кем
емес, 100 см-ден артық емес биіктікте
electrolux 9
тікелей жалғауға болады. Су төгетін
түтіктің ұшы əрқашан желдетіліп
тұруға тиіс, яғни ақаба су құбырының
ішкі диаметрі, су төгетін түтіктің
сыртқы диаметрінен үлкен болуға
тиіс. Су төгетін түтік жаншылып
қалмауға тиіс.
Бөлме қабырғасына кіріктірілген
ақаба су құбырына тура жлғау
арқылы.
Су төгетін түтікті ең ұзыны 4 метрге
ұзартуға болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығында қосымша су
төгетін түтік пен жалғастырғыш
тетіктер бар.
ҚОСЫЛЫМҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
115 cm 140 cm
150 cm100 cm
max 100 cm
min. 60 cm
max 100 cm
115 cm 90 cm
min. 60 cm
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Қорек сымын өз бетіңізбен
ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қорек сымы мен ашаның
құрылғының
артында жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
10 electrolux
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Электр желісіне жəне су
жүйелеріне қосу жұмыстарын
құрылғыны орнату нұсқауларына
сəйкес жүзеге асырыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Кірді алғаш рет жуар алдында,
барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарды тазалау үшін
мақта мата циклын ең үлкен
температураға қойып, машинаны
кір салмастан іске қосыңыз.
Негізгі жуу циклына арналған
үлестіргіш қорапшаға жуғыш
заттың 1/2 мөлшерін салыңыз да,
машинаны іске қосыңыз.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əр киімнің затбелгісіндегі жуу
белгішелерін қарап, өндірушінің жууға
қатысты нұсқауларын орындаңыз.
Киімді төмендегідей сұрыптаңыз: ақ,
түрлі-түсті, синтетика, нəзік мата, жүн
тоқыма.
КІР САЛАРДЫҢ АЛДЫНДА
Өте маңызды! Кірде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, қауіпсіздік
түйреуіші, түйреуіштер). Жастық
қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз
.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз. Ілмектерді алыңыз (мысалы,
перденің).
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу
керек.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
Нəски, қолғаптарды қалта немесе
торға
салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып
түні бойы жібітіңіз де, содан кейін
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ:: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
бірнеше рет сіңіріп
алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:
скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
заттың үстіне қойып, мақтадан
жасалған матаны даққа қойып, оны
саусағыңыздың ұшымен басып сіңіріп
алыңыз.
Тот:: ыстық суға ерітілген шавель
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:
ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
electrolux 11
Шөп нілі: аздап ғана сабындап,
ағартқышпен сүртіңіз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шарикті қаламсап не желім дағы:
ацетонмен жібітіңіз
2)
, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз.
Далап: жоғарғыдағыдай ацетонмен
жібітіңіз де, содан кейін этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған
суға жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
2)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада
қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, соңынан
мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргішпен, этил спиртімен не
бензинмен сүртіңіз, содан кейін жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫНАН ЕППЕН
ТАРТЫП АШЫҢЫЗ.
КІРДІ САЛЫҢЫЗ
Кірді барабанға бір-бірлеп, барынша
сілки отырып салыңыз.
ЕҢ ҮЛКЕН САЛМАҚ
Ұсынылатын салмақ "Жуу
бағдарламалары" тарауында берілген.
Жалпы ережелер:
Мақта, зығыр: кірді барабанға
толтыра, бірақ аса тығыздалмай салу
керек;
Синтетика: кір барабанның
ортасынан асырмай салынады;
Нəзік мата мен жүн мата: кір
барабанның үштен біріне дейін
толтырылады.
ЕСІКТІ АБАЙЛАП ЖАБЫҢЫЗ
Назарыңызда болсын!
Маталардың есікті жапқан кезде
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кірдің жақсы жуылуы сондай-ақ қандай
тазартқыш заттың таңдалғанына жəне
оны ысырап етпей, қоршаған ортаны
қорғау үшін дұрыс мөлшерде
пайдаланылуына да байланысты.
Тіпті биологиялық түрде ыдырайтын
тазартқыш заттардың құрамында да
қоршаған ортаның теңгерімін бұзуы
мүмкін заттар болады.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне
(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта мата
т.б.), түсіне,
жуу температурасына жəне
кірлеу дəрежесіне байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы құрылғыда қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нəзік мата (ең көбі 40°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
2) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз.
12 electrolux
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӨЛШЕРІ
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері матаның түріне, салынған
мөлшеріне, қаншалықты кірлегеніне
жəне пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Жуғыш затты пайдалану мөлшерін
əрқашан оның орамынан қараңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты
азырақ жұмсаңыз:
кірдің аз
ғана мөлшерін жусаңыз,
шамалы ластанған кір үшін,
жуған кезде көп көбік пайда болса.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі кермектік «деңгейі»
деп аталатын өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компаниядан не жергілікті мекемеден
алуға болады.
Судың кермектігі орташа не жоғары
болса, əрқашан өндірушінің
нұсқауларын орындай отырып, су
жұмсартқыштан қосыңыз.
Су
тұщы болса, жуғыш заттың
қосылатын мөлшерін өзгертіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІНІҢ
СУЫРМАСЫН АШЫҢЫЗ
Негізгі жуу циклі үшін қолданылатын
ұнтақ жуғышқа немесе сұйық жуғыш
затқа арналған бөлік.
Сұйық жуғыш
затқа арналған бөлік (мата
жұмсартқыш, крахмал).
Назарыңызда болсын! Алдын ала
жуу циклін орындағыңыз келсе,
жуғыш затты барабанға салынатын
киімдердің арасына салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қолданылатын жуғыш заттың түріне
қарай (ұнтақ не сұйық), негізгі
бөлікке салынған кіріктірме
бөлгіштің дұрыс орынға қойылғанын
тексеріңіз.
ҰНТАҚ НЕМЕСЕ СҰЙЫҚ ЖУҒЫШ
ЗАТҚА АРНАЛҒАН БӨЛГІШ
ЖОҒАРЫ- Бөлгішті ҰНТАҚ жуғыш зат
қолданғанда қоятын орын
PUSH
REMOVE
TO CLEAN
ТӨМЕН - Бөлгішті СҰЙЫҚ жуғыш зат
қолданғанда қоятын орын
electrolux 13
PUSH
REMOVE
TO CLEAN
Бөлгіш дұрыс орынға қойылмаса:
Тартпаны алыңыз. Тартпаны орнынан
оңай алу үшін, оның көрсеткімен
(PUSH) белгіленген шетін сыртқа
итеріңіз.
Ұнтақ жуғышты қолданғыңыз келсе
бөлгіш төмен қарап тұрады:
Бөлгішті жоғары айналдырыңыз.
Бөлгішті орнына əбден салыңыз.
Суырманы еппен орнына қайта
салыңыз.
Жуғыш затты мөлшерлеп алыңыз.
Ұнтақ жуғыш затты негізгі жуу
бөліміне салыңыз
.
Сұйық жуғыш затты қолданғыңыз
келгенде бөлгіш жоғары қарап тұрса:
Бөлгішті төмен айналдырыңыз.
Суырманы еппен орнына қайта
салыңыз.
14 electrolux
Жуғыш затты мөлшерлеп алыңыз.
Жуғыш затты қолдану мөлшерін
əрқашан өнімнің орамасында
көрсетілген нұсқаудан қараңыз
жəне жуғыш затты суырмаға құюға
болатынына көз жеткізіңіз.
Сұйық жуғыш затты бөлікте
көрсетілген шектен асырмай,
үлестіргішке
құйыңыз. Жуғыш
затты жуу бағдарламасын бастамай
тұрып үлестіргіштің тиісті бөліктеріне
салу керек.
Назарыңызда болсын! Бөлгіш
"ТӨМЕН" қалпында тұрғанда:
Желатин тəрізді не қою жуғыш
заттарды қолданбаңыз.
Ұнтақ жуғыш.
Алдын ала жуу циклі бар
бағдарламалар үшін.
Жуу бағдарламасын дереу
бастамасаңыз сұйық жуғыш затты
қолданбаңыз.
Жоғарыда көрсетілген
жағдайлардың барлығында бөлгішті
"ЖОҒАРЫ" қалпына қойыңыз.
МАТА ЖҰМСАРТҚЫШТЫ ӨЛШЕП
АЛЫҢЫЗ.
Мата жұмсартқышты немесе басқа
қоспаларды
арқылы белгіленген
бөлікке салыңыз (суырманың «MAX»
таңбасынан асырмаңыз). Егер
қоспаларды қолдансаңыз, оларды
үлестіргіштердегі тиісті бөліктерге, жуу
бағдарламасын бастардың сəл
алдында ғана салыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІНІҢ
СУЫРМАСЫН ЖАБЫҢЫЗ
electrolux 15
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТУ
Басқару панелі жуу бағдарламалары мен түрлі параметрлерді таңдауға мүмкіндік
береді.
Параметр түймешігін басқанда, тиісті индикатор шам жанады. Əйтпесе ол
сөндірулі болады.
Жуу бағдарламалары мен параметрлердің сыйысымдылығы туралы
ақпаратты «Жуу бағдарламалары кестесі» тарауынан қараңыз. Қате
параметр таңдалған жағдайда, 6 түймешігінің кіріктірілген қызыл түсті
индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
7
123465
1
Бағдарлама таңдау
тетігі
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға
бұрап қойыңыз. Таңдау тетігін сағат тілінің
бағыты бойынша не сағат тілінің бағытына
қарсы бұрауға болады. 6 түймешігінің жасыл
сигнал шамы жыпылықтай бастайды: енді құрылғы
қосулы.
Бағдарлама таңдау тетігін құрылғы жұмыс
жасап тұрған кезде басқа бағдарламаға
қойсаңыз, 6 түймешігінің қызыл сигнал шамы 3
рет жыпылықтап, таңдаудың қате екендігін
білдіреді. Құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны орындамайды.
Құрылғыны сөндіру үшін, бағдарлама таңдау
тетігін
қалпына қойыңыз.
Орындалып тұрған бағдарламаны болдырмау
немесе өзгерту үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып құрылғыны сөндіріңіз.
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға
бұрап, жаңа бағдарламаны таңдаңыз. Жаңа
бағдарламаны 6 түймешігін қайта басып
бастаңыз. Барабанның ішіндегі су төгілмейді.
16 electrolux
2
Температура
түймешігі
Кір жууға барынша қолайлы температураны
таңдау үшін температура түймешігін басыңыз.
: Суық сумен жуу.
3
Айналдыру
жылдамдығын
азайту Шаюды
кідірту
Бағдарламаны таңдаған кезде, құрылғы осы
бағдарлама үшін тағайындалған ең үлкен
айналдыру жылдамдығын автоматты түрде
ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта айналдырып
жуғыңыз келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып,
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз. Тиісті шам
жанады.
Шаюды кідірту
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы орындалмай, орнына
киімдер бырысып қалмас үшін суды төгу циклі
орындалады. Бұл функция аса нəзік маталар үшін
ұсынылады. Кейбір бағдарламалардың шаю
циклдеріне көбірек су қосылады.
4
Аса жылдам Осы түймешікті басқанда, тиісті сигнал шамы
жанады.
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана тазартылуға
тиіс киім-кешектерге арналған қысқа цикл.
Осы параметрді қолданғанда кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз:
Мақта мата 3 кг
Синтетика жəне нəзік мата 1,5 кг
Қосымша шаю
Бұл құрылғы суды үнемдейтін етіп жасалған.
Дегенмен, терісі өте сезімтал (жуғыш затқа
аллергиясы бар) адамдар үшін кірді қосымша сумен
шаю қажет болуы мүмкін.
3 жəне 4 түймешіктерін бірнеше секунд қатар
басыңыз: 7.2 сигнал шамы жанады. Бұл функция
тұрақты түрде белсенді күйде болады. Оны алу
үшін осы түймешіктерді 7.2 түймешігінің сигнал
шамы сөнгенше қайта басыңыз
.
electrolux 17
5
Кешіктіріп бастау Осы түймешік арқылы бағдарламаны 9, 6 немесе 3
сағат кешіктіріп бастауға болады. Тиісті шам
жанады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып болғаннан
кейін, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
бағдарлама мен қажетті параметрлерді таңдаңыз;
кешіктіріп бастау функциясын 5 түймешігін басып
таңдаңыз;
6 түймешігін басыңыз:
құрылғы сағат санап кемитін кері санақты
бастайды.
Кешіктіріп бастау
уақыты аяқталған соң
бағдарлама басталады.
Бағдарламаны бастағаннан кейін кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату:
құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне 6 түймешігін
басып қойыңыз;
5 түймешігін бір рет басыңыз, таңдалған
кешіктіріп бастауға қатысты шам сөнеді.
бағдарламаны қайта бастау үшін 6 түймешігін
қайта басыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясын су төгу
бағдарламасымен бірге таңдауға болмайды.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын, жуу бағдарламасын қайта
таңдағаннан кейін ғана өзгертуге болады. Есік кешіктіріп бастау уақыты
аяқталғанша құлыптаулы тұрады. Егер есікті ашу қажет болса құрылғыны
ҮЗІЛІСКЕ (6 түймешігін басу арқылы) қойып, содан кейін бірнеше минут күтіңіз.
Есікті жапқаннан кейін 6 түймешігін қайта басыңыз.
18 electrolux
6
Бастау/Үзіліс Бағдарламаны мына түймешікті басып
бастаңыз: 6
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 6
түймешігін басыңыз, тиісті жасыл шам
жыпылықтағанын қояды. 7.1 сигнал шамы жанады
да, құрылғының жұмыс істей бастағанын жəне
есіктің құлыптаулы екенін көрсетеді. Кешіктіріп
бастау функциясы таңдасаңыз, құрылғы кері
санақты бастайды.
Орындалып тұрған бағдарламаны үзіліске қою
үшін 6 түймешігін басыңыз: жасыл сигнал шам
жыпылықтай бастайды. Орындалып
тұрған
бағдарламаның кейбір функцияларын,
бағдарлама оларды орындамай тұрып өзгертуге
болады.
Бағдарламаны үзілген жерінен бастап қайта
бастау үшін 6 түймешігін басыңыз.
Бағдарлама басталғаннан кейін есік құлыпталып
қалады. Қандай да бір себепке байланысты есікті
ашу қажет болса, алдымен құрылғыны 6
түймешігін басып ҮЗІЛІС параметріне қойыңыз.
Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға болады.
Есік ашылмаса, бұл құрылғының
суды əлдеқашан
ысыта бастағанын не су деңгейінің тым жоғары
екендігін білдіреді. Есікті ешқашан күшпен ашуға
тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті түрде
ашу қажет болса, тетікті
қалпына қою арқылы
құрылғыны сөндіріңіз. Бірнеше минуттан соң есікті
ашуға болады (судың деңгейі мен
температурасына назар аударыңыз!). Есікті
жапқаннан кейін, бағдарлама мен функцияларды
қайта таңдап, 6 түймешігін басу қажет.
7.1
7.2
7.3
Индикаторлық
сигнал шамдары
Бағдарламаны 6 түймешігін басып бастағанда,
жуу циклының сигнал шамы (7.1) жанады. Бұл
құрылғының жұмыс істеп тұрғандығын білдіреді.
Құрылғы қосымша шаю циклдерін орындағанда
қосымша циклдердің сигнал шамы (7.2) жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде, "циклдің соңы" (7.3)
сигнал шамы жанады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды. 6
түймешігінің сигнал шамы жəне жаңа
ғана аяқталған жуу
кезеңіне сəйкес
келетін сигнал шамы сөнеді. 7.3 шамы
жанады.
Соңында барабанның ішінде су
қалатын бағдарлама не параметр
таңдалса, есік бұғаттаулы күйде қалып,
есікті ашпастан бұрын суды төгу керек
екенін көрсетеді.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
бұраңыз.
Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
electrolux 19
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті басып
азайтыңыз.
6 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңында есікті ашуға
болады. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,
су құятын шүмекті жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Егер үйде
балалар немесе үй жануарлары
болса, есіктің жақтауының ішкі
жағындағы балаларды қорғау
құралын іске қосыңыз (толығырақ
ақпаратты "Балаларды қорғау
құралын" тарауынан қараңыз).
Күту режимі: бағдарламаны орнату
кезінде жəне бағдарлама
аяқталғаннан кейін, егер
бағдарлама таңдау тетігі мен кез
келген түймешікке ешкім тимесе,
бірнеше минут өткенде қуат
үнемдеу режимі іске қосылады
Сигнал шамдары сөнеді. 6
түймешігінің кіріктірілген жасыл
түсті индикаторы баяу
жыпылықтайды. Кез келген
түймешікті басу арқылы құрылғыны
қуат үнемдеу режимінен шығаруға
болады.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Əр цикл аяқталған сайын, есіктің
тығыздағышын тексеріп
, қатпарларында
тұрып қалған заттар болса алыңыз.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БағдарламаЕң жоғары жəне ең төмен
температураЦикл сипаттамасыЕң үлкен
айналдыру жылдамдығыЖүктің ең үлкен
салмағыКірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
бөлігі
МАҚТА МАТА
95°-
(Суық)
Негізгі жууШаю кезеңдеріЕң үлкен айналдыру
жылдамдығы: 800 мин/айн - EWP86100W үшін, 1000
мин/айн - EWP106100W үшін, 1200 мин/айн -
EWP126100W үшін
Ең үлкен салмақ 6 кг - Азайтылған салмақ 3 кг
Ақ мата, түрлі-түсті мата жəне зығыр мата.
Қалыпты кірлеген заттар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
АСА ЖЫЛДАМ
1)
,
ҚОСЫМША ШАЮ,
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
+ МАҚТА МАТА, АЛДЫН АЛА ЖУУ ЦИКЛІ
БАР
95° -
(Суық)
Алдын ала жууНегізгі жуу - Шаю кезеңдеріЕң
үлкен айналдыру жылдамдығы: 800 мин/айн -
EWP86100W үшін, 1000 мин/айн - EWP106100W
үшін, 1200 мин/айн - EWP126100W үшін
Ең үлкен салмақ 6 кг - Азайтылған салмақ 3 кг
Ақ мата, түрлі-түсті мата жəне зығыр мата. Қатты
кірлеген заттар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
АСА ЖЫЛДАМ
1)
,
ҚОСЫМША ШАЮ,
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60

Electrolux EWP86100W Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu