• Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
• Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу
керек.
• Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
• Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
• Нəски, қолғаптарды қалта немесе
торға
салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып
түні бойы жібітіңіз де, содан кейін
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ:: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
бірнеше рет сіңіріп
алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:
скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
заттың үстіне қойып, мақтадан
жасалған матаны даққа қойып, оны
саусағыңыздың ұшымен басып сіңіріп
алыңыз.
Тот:: ыстық суға ерітілген шавель
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:
ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап,
ағартқышпен сүртіңіз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шарикті қаламсап не желім дағы:
ацетонмен жібітіңіз
2)
, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз.
Далап: жоғарғыдағыдай ацетонмен
жібітіңіз де, содан кейін этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған
суға жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
2)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада
қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, соңынан
мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргішпен, этил спиртімен не
бензинмен сүртіңіз, содан кейін жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫНАН ЕППЕН
ТАРТЫП АШЫҢЫЗ.
КІРДІ САЛЫҢЫЗ
Кірді барабанға бір-бірлеп, барынша
сілки отырып салыңыз.
ЕҢ ҮЛКЕН САЛМАҚ
Ұсынылатын салмақ "Жуу
бағдарламалары" тарауында берілген.
Жалпы ережелер:
• Мақта, зығыр: кірді барабанға
толтыра, бірақ аса тығыздалмай салу
керек;
• Синтетика: кір барабанның
ортасынан асырмай салынады;
• Нəзік мата мен жүн мата: кір
барабанның үштен біріне дейін
толтырылады.
2) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз.
12 electrolux