Electrolux ENX4596AOX Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
ENX4596AOX
KK Тоңазытқыш-мұздатқыш Қолдану туралы нұсқаулары 2
TR Buzdolabı Kullanma Kılavuzu 23
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 10
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 11
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................13
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 15
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ............................................................................................ 20
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.electrolux.com4
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
ҚАЗАҚ 5
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Мұздатқыштың басқару панелі
1 2 73 4 5 6 98
1. Сигнал шамы
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ түймешігі
3. Температура тетігі (ең жылы)
4. Температура индикаторы
5. Температура тетігі (ең суық)
6. Ескерту шамы
7. Сигналды қайтару тетігі
8. FastFreeze шамы
9. FastFreeze тетігі
3.2 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
3.3 Сөндіру
Мұздатқыш ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін
Сигнал шамы мен Температура
индикаторы сөнгенше басқан кезде
сөнеді.
3.4 Температураны реттеу
Температураны -15°C және -24°C
аралығында орнатуға болады.
Температура тетіктерін басқанда,
температура индикаторында ағымдық
орнатылған температура
жыпылықтайды. Орнатылған
температураны тек индикатор
жыпылықтап тұрғанда ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны
орнату үшін жылырақ Температура
тетігін басу керек. Суығырақ
температураны орнату үшін ең суық
Температура тетігін басыңыз.
Температура индикаторы жаңадан
таңдалған температураны бірнеше
секунд көрсетіп тұрады да, содан кейін
бөліктің ішіндегі температураны қайта
көрсетеді.
Жаңадан таңдалған температура 24
сағат өткенде орнайды.
Температура тұрақтанған
кезде, бастапқы
көрсетілген температура
орнатылған параметрдің
температурасынан
басқаша болады.
3.5 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш ішіндегі температура
шамадан тыс (мысалы, тоқ сөніп
қалғанда) жоғарылап кетсе, Ескерту
www.electrolux.com6
шамы жыпылықтай бастайды да,
сигнал естіледі.
Температура қалыпты деңгейге
қойылған кезде, Ескерту шамы
жыпылықтауын жалғастырады да,
сигнал өшеді.
Сигналды қайтару тетігі басылған
кезде камераның ішінде орнаған ең
жылы температура Температура
индикаторында жыпылықтайды.
3.6 FastFreeze функциясы
FastFreeze функциясын FastFreeze
тетігін басып іске қоса аласыз.
FastFreeze шамы жанады.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген
уақытта FastFreeze тетігін
басып сөндіруге болады.
FastFreeze шамы сөнеді.
3.7 Тоңазытқышты басқару панелі
1 2 73 4 5 6 98
1. Сигнал шамы
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ түймешігі
3. Температура тетігі (ең жылы)
4. Температура индикаторы
5. Температура тетігі (ең суық)
6. Shopping шамы
7. Shopping тетігі
3.8 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
3.9 Сөндіру
Мұздатқыш ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін
Сигнал шамы мен Температура
индикаторы сөнгенше басқан кезде
сөнеді.
3.10 Температураны реттеу
Температураны +2°C және +8°C
аралығында орнатуға болады.
Температура тетіктерін басқанда,
температура индикаторында ағымдық
орнатылған температура
жыпылықтайды. Орнатылған
температураны тек индикатор
жыпылықтап тұрғанда ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны
орнату үшін ең жылы температура
тетігін басыңыз. Суығырақ
температураны орнату үшін ең суық
температура тетігін басыңыз.
Температура индикаторы жаңадан
таңдалған температураны бірнеше
секунд көрсетіп тұрады да, содан кейін
бөліктің ішіндегі температураны қайта
көрсетеді.
Жаңадан таңдалған температура 24
сағат өткенде орнайды.
3.11 Shopping функциясы
Ең жоғары жұмыс өнімділігіне
Shopping функциясын орнату арқылы
жетуге болады. Бұны тағамды көп
мөлшерде салған кезде пайдалануды
ұсынамыз.
Shopping функциясын Shopping тетігін
басып іске қоса аласыз.
Shopping шамы жанып, желдеткіш
автоматты түрде іске қосылады.
ҚАЗАҚ 7
Ішкі температура +2°C
градусқа дейін төмендейді.
Шамамен 6 сағат өткеннен
кейін Shopping функциясы
автоматты түрде сөнеді.
3.12 Температура индикаторы
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы
мұздатқыштың / тоңазытқыштың
ішіндегі температураны көрсетеді.
Көрсетілген температура
мен орнатылған
температура арасындағы
айырмашылық әсіресе
мына жағдайда қалыпты
болып есептеледі:
жаңа параметр жақында
таңдалса
есік ұзақ уақыт ашық
тұрса
камераға жылы тағам
қойылса.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.2 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Мұздатылатын жаңа тағамды сол жақ
бөліктерге салыңыз да, мұздап
www.electrolux.com8
болғаннан кейін тағам сақтайтын
себеттерге салыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
5.3 Жаңа тағамды мұздату
FastFreeze функциясын
қолдану уақыты:
шамамен
6 сағат
бұрын
Жаңа тағамды аз-аздан
салу (шамамен 5 кг)
шамамен
24 сағат
бұрын
Тағамды ең көп
мөлшерде салу
(техникалық ақпарат
тақтайшасын қараңыз)
қажет
емес
Мұздатылған тағамды
салу
қажет
емес
Жаңа тағамды күніне аз-
аздан ең көбі 2 кг-нан
салу
5.4 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске
қосқанда, тағамды бөліктерге салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат,
ең жоғары параметрлерге қойып іске
қосыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.5 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында уақыттың мүмкіншілігіне
қарай, мұздатқыш бөлікке салып
немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
5.6 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғы мұз текшелерін жасауға
арналған бір немесе бірнеше науамен
жабдықталған.
Науаларды мұздатқыштан
алу үшін темір
инструментті қолданбаңыз.
1. Осы науаларды суға толтырыңыз
2. Мұз науаларын мұздатқыш бөлікке
қойыңыз.
5.7 Тоңазытқыштың есіктері
Дұрыс ашып-жабу үшін екі есікті де
қатар ашып-жабуды ұсынамыз
(суретте көрсетілгендей).
ҚАЗАҚ 9
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
Егер ортаның температурасы
жоғары болса және Температура
тетігі төмен температура мәніне
қойылса және құрылғының іші
толып тұрса, компрессор үздіксіз
жұмыс істеп, буландырғышқа қырау
немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай
жағдайда, автоматты түрде жібітуге
мүмкіндік беріп, электр қуатын
үнемдеу үшін Температура тетігін
жылырақ параметрге қойыңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз
әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз
тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
Ет (барлық түрі) : полиэтилен
таспаға орып, көкөніс тартпасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық шарасын орындау үшін
тағамды осылайша бір немесе ең
көбі екі күн ғана сақтаңыз.
www.electrolux.com10
Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып,
кез келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға
салып немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға
орап салу керек.
Шөлмектер: оларға қақпақ жауып,
есіктің шөлмек сөресіне немесе
шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау
керек.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы
жүзеге асыру үшін мына маңызды
кеңестерді ұсынамыз:
24 сағатта мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген;
мұздату үдерісіне 24 сағат қажет,
осы кезде ешбір қосымша тағамды
мұздату үшін салуға болмайды;
жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз;
тағамды жылдам және әбден
мұздату үшін, сондай-ақ кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана
жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,
жеке-жеке сақтаңыз;
тағамды алюминий жұқалтырға
немесе полиэтилен орамға орап,
тағам орамдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамның
температурасы көтеріліп кетпеу
үшін жаңа, мұздатылмаған тағамды
мұздатылған тағамға тигізбеңіз;
майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын
қысқартады;
мұзды мұздатқыш бөліктен ала
сала пайдаланса, теріні қарып
жіберуі мүмкін;
тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуыңыз.
ҚАЗАҚ 11
есіктің тығыздағыштарын жиі
тексеріп, қоқыстан арылту үшін
тазалап отырыңыз.
шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
Жуғыш заттар, жеміргіш
ұнтақ, әтір иісі қатты
шығатын тазалағыш зат
немесе жылтыратқыш
балауызбен тазаламаңыз,
себебі мұндай заттар
құрылғының ішкі бетін
бүлдіріп, қатты иіс
қалдырады.
7.2 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.3 Мұздатқыштың мұзын
еріту
Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі
қабырғаларының бетіне де, тағамның
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын
көрсетеді.
Мұз қатпайтын себебі, автоматты
түрде басқарылатын желдеткіш
құрылғы ішінде үнемі суық ауаны
айналдырып тұрады.
7.4 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
www.electrolux.com12
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Ескерту шамы
жыпылықтайды
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Көрінетін және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана
қосылған немесе
температурасы тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына немесе білікті
электршіге хабарласыңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз,
содан кейін
температурасын қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-
райы санатын қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Есік дұрыс жабылмаған
немесе тығыздағышы
жапырылған/кірлеген.
"Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде
еріту барысында мұз
артқы тақтаға еріп
ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше
бітеліп қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың
коллекторға қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағамдардың артқы
тақтаға тимейтінін
тексеріңіз.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын
түтікше, компрессордың
үстіндегі буландырғыш
науаға қосылмаған.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте
төмен/өте жоғары.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Азық-түліктің
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға
қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
азық-түліктер мөлшерін
азайтыңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
Құрылғының ішінде
суық ауа айналымы
жоқ.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз.
www.electrolux.com14
Егер ақыл-кеңес күткен
нәтиже бермесе, жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.2 Шамды ауыстыру
1. Ашаны розеткадан суырып
алыңыз.
2. Шамның қақпағын алыңыз (суретке
қараңыз).
3. Қолданылған шамның орнына қуат
параметрі тұрмыстық
құрылғыларға сәйкестендіріп
жасалған жаңа шамды салыңыз.
Қуат параметрінің ең үлкен мәні
шамның қақпағында көрсетілген.
4. Ашаны розеткаға қосыңыз.
5. Есікті ашыңыз. Шамның
жанатынына көз жеткізіңіз.
8.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Орналастыру
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
9.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
ҚАЗАҚ 15
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
9.3 Биіктігін реттеу
Құрылғыны ас үйдегі басқа
құрылғыларға сай келтіріп орнату үшін
биіктігін 820 мм-ден 870 мм-ге дейін
көтеруге болады.
820-870 mm
1. Құрылғыны басқа құрылғылардың
ортасына орнатпай тұрып,
тіректерінің биіктігін және артқы
дөңгелектерін реттеңіз.
Құрылғының тіректері зауытта
820мм биіктікке қойылған.
2. Құрылғының биіктігін 870 мм
биіктікке қою үшін, тіректерді гайка
кілтімен бұрап көтеріңіз де, содан
кейін тіректерді алып, төменірек
деңгейге қайта қойыңыз.
870 mm
820 mm
9.4 Бүйір панельдерін салу
1. Қапсырмаларды сызбада
көрсетілгендей панельдерге
салыңыз.
820 mm
1015 mm
539 mm
541 mm
30 mm
64 mm
280 mm
15 mm
17.5 mm
B
A
260* mm
15 mm
C
www.electrolux.com16
1. Артқы жиегі
2. Алдыңғы жиегі
3. Оң жақ бүйірлік панель
Панельдің астыңғы жағына 100мм
жақтау салу үшін 260* мм-ге рұқсат
беріледі. 260* мм өлшемін
жақтаулардың өлшеміне сай
көбейтуге болады.
2. Құрылғыны ас үй қаптамасына
орнатпай тұрып, топсаларға
тығыздағыштарды салыңыз.
Суретке қараңыз
D
D
1
2
3. Панельдерді құрылғыға сүйеп
қойыңыз.
45 mm
4. Панельдердің қалыңдықтарын
ескере отырып артқы
қапсырмаларды салыңыз
(құрылғының ені ең көбі 900 мм).
Құрылғыны дұрыс реттеп орнату
үшін құрылғы мен ас үй
қаптамасының арасында 45 мм
орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
5. Панельдердің алдыңғы жағын
бекітіңіз.
6. Текшелерді (қалтаның ішінде)
есіктің астыңғы жағына
(сілтемелер берілген) бекітіңіз.
7. Егер қажет болса, есікті ең көбі 90°
градусқа ашу үшін жеке берілетін
білікшені қолдануға болады.
Суретке қараңыз.
N
90
o
115
o
N
L
L
9.5 Есіктің панельдерін салу
1. Есікті ашып, қапсырманың
қақпағын алыңыз. Гайкалар мен
шығырықтарды босатып, есіктен
қапсырманы алыңыз.
2
1
10 mm
2. Кішкене есіктерді суретте
көрсетілгендей бұрғылаңыз.
ҚАЗАҚ 17
214 214
193
25 25
193 193 193
25
60 60
25
min. 3
min. 444
max. 447
min. 444
max. 447
1013
mm
1013
4 5
6 7
4 4
4. Үстіңгі оң жақ - және алдыңғы
панель
5. Үстіңгі сол жақ алдыңғы
панель
6. Астыңғы оң жақ алдыңғы
панель
7. Астыңғы сол жақ алдыңғы
панель
3. Қапсырманы есікке қалтадағы
бұрандаларды пайдаланып
бекітіңіз.
4. Қапсырманы реттегіш
бұрандаларға қайта салып,
гайкалар мен шығырықтарды қатты
қатайтпай бұрап бекітіңіз.
1
2
5.
Есікті жабыңыз да, бұрандалардың
көмегімен кішкене есіктің биіктігін
қажетті деңгейге қойыңыз.
6. Кішкене есіктерді тігінен реттеп
қою үшін де осы бұрандаларды
қолданыңыз.
7. Егер қажет болса, кішкене есіктерді
жылжытып, көлденеңінен реттеуге
болады.
8. Есіктерді реттеп болғаннан кейін
қапсырмалардың гайкасын және
кішкене қапсырманың
бұрандаларын қатайтыңыз.
9. Есіктің астындағы қысқа және ұзын
қапсырманы панельге, керек-
жарақтар салынған қораптағы екі
www.electrolux.com18
пластик тығырықтың көмегімен
бекітіңіз.
3
1
2
10. Содан кейін қапсырманың
қақпағын салыңыз.
9.6 Жақтауды орнату
Биіктігі 820 мм болуға тиіс
Егер 140-170 мм жақтауды
қолдансаңыз, көрсетілгендей
кесіңіз.
140-190 mm
170-220 mm
30-100 mm
900 mm
820-870 mm
Егер 100 мм-ден биік, 140 мм-ден
аласа жақтауды қолдансаңыз,
құрылғымен бірге жеткізілген
биіктікті реттеуге арналған
жақтаушаның биіктігін кесіп реттеп,
жақтау мен желдету саңылауының
арасына қойыңыз.
Егер 100 мм жақтауды
қолдансаңыз, биіктікті реттеуге
арналған жақтаушаны тұтас
орнатыңыз.
140-190 mm
1
2
3
Биіктігі 870 мм болуға тиіс
Егер 190-220 мм жақтауды
қолдансаңыз, көрсетілгендей
кесіңіз.
100-150 mm
30-100 mm
Егер 150 мм-ден биік, 190 мм-ден
аласа жақтауды қолдансаңыз,
құрылғымен бірге жеткізілген
биіктікті реттеуге арналған
жақтаушаның биіктігін кесіп реттеп,
жақтау мен желдету саңылауының
арасына қойыңыз.
Егер 150 мм жақтауды
қолдансаңыз, биіктікті реттеуге
арналған жақтаушаны тұтас
орнатыңыз.
Құрылғыны құрылғылар қатарының
ең шетіне орнатсаңыз, жақтауды
ұстап тұру үшін E тірегін салыңыз.
ҚАЗАҚ 19
E
1
2
9.7 Құрылғыны орнату
1. Құрылғыны ұяға кіргізіңіз.
2. Дұрыс орынға қою үшін
қапсырманы 180° градусқа
айналдырыңыз ( 2). Зауыттан
жеткізілген кезде (1) қалпына
қойылады.
3. Тиісті қапсырманы қолданып
қабырғаға бекітіңіз.
4. Құрылғының үстіңгі жағы ауа
жақсы алмасып тұру үшін таза
тұруға тиіс. Егер құрылғының
үстіңгі жағына жиһаз орнатылса,
құрылғы мен жиһаздың арасында
50 мм және төбеге дейін кем
дегенде 50 мм орын қалуға тиіс.
50 mm50 mm
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44

Electrolux ENX4596AOX Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu