Electrolux ENX4596AOX Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
ENX4596AOX
................................................ .............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-
МҰЗДАТҚЫШ
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
TR BUZDOLABI KULLANMA KILAVUZU 24
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
7. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
8. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Бұл құрылғы тағамдар мен/немесе
сусындарды үйде және сол сияқты басқа
жерлерде сақтауға арналған, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде;
фермадағы үйлерде және қонақ
үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде;
төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде;
қоғамдық тағам және сол сияқты бөлшек
сауда жасамайтын орындарда.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы
болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
ҚАЗАҚ 3
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
1.3 Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын
болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны
қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған
тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
1.4 Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-
мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша
толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде
айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету
жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
4
www.electrolux.com
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып
күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт
жағын әрқашан қабырғаға қаратып
қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер
суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
2. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Мұздатқыштың басқару панелі
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1.
Сигнал шамы
2.
ON/OFF түймешігі
3.
Температура тетігі (ең жылы)
4.
Температура индикаторы
5.
Температура тетігі (ең суық)
6.
Дабыл шамы
7.
Сигналды қайтару тетігі
8.
Action Freeze шамы
9.
Action Freeze тетігі
Есіктер жабылған кезде мұздатқыштың
басқару панелі ON (ҚОСУ) қалпына
қойылады.
2.1 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
2.2 Өшіру
Тоңазытқышты Қосу/Өшіру түймешігін, сигнал
шамы мен температура анықтағыш шамы
өшкенше басып тұру арқылы өшіруге болады.
2.3 Температураны баптау
Температураны -15°C пен -24°C аралығында
орнатуға болады.
Температура түймешігін басқан кезде
температура көрсеткішінде ағымдық
температура жыпылықтайды. Температура
параметрін температура көрсеткіші
ҚАЗАҚ 5
жыпылықтап тұрған кезде ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны орнату
үшін жылы температура түймешесін басыңыз.
Суығырақ температураны орнату үшін суық
температура түймешесін басыңыз. Жаңадан
таңдалған температура температура
көрсеткішінен бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, содан соң қайтадан камера
ішіндегі температура пайда болады.
Құрылғы жаңадан таңдалған температураға
24 сағат өткен соң жетуге тиіс.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұрақтану кезеңінде көрсетілген
температура орнатылған
температураға сай келмеуі мүмкін.
2.4 Температура көрсеткіші
Қалыпты жұмыс жасау кезінде температура
көрсеткіші камера ішіндегі температураны
көрсетеді.
Көрсетілген температура мен
орнатылған температура екеуара
айырмашылығының болуы қалыпты
жағдай. Әсіресе:
жаңа параметр жақында ғана
таңдалса.
есік ұзақ уақыт бойы ашық қалса.
камераға жылы тамақ қойылса.
2.5 Артық температураны ескерту
сигналы
Камера ішіндегі температура қалыптан тыс
жоғарлап кетсе (мысалы,ток өшіп қалғанда)
ескерту шамы жыпылықтай бастайды да,
сигнал беріледі.
Температура өз қалпына келген соң, ескерту
шамы жыпылықтауын жалғастыра береді де,
сигнал өшеді.
Сигналды қайтару тетігі басылған кезде
камераның ішінде орнаған ең жылы
температура Температура индикаторында
жыпылықтайды .
Егер электр қуаты ұзақ уақыт бойы өшіп
тұрса, мұздаған тағамды неғұрлым тез
пайдаланған не пісіріп барып қайта мұздатқан
дұрыс.
2.6 Action Freeze функциясы
Action Freeze функциясын Action Freeze тетігін
басып іске қосуыңызға болады.
Action Freeze шамы жанады.
Бұл функция 52 сағаттан соң
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта Action Freeze
тетігін басып сөндіруге болады. Action Freeze
шамы сөнеді.
Тоңазытқышты басқару панелі
1 2 3 4 5 6 7
1.
Сигнал шамы
2.
ON/OFF түймешігі
3.
Температура тетігі (ең жылы)
4.
Температура индикаторы
5.
Температура тетігі (ең суық)
6.
Action Cool шамы
7.
Action Cool тетігі
2.7 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
6
www.electrolux.com
2.8 Өшіру
Тоңазытқышты Қосу/Өшіру түймешігін, сигнал
шамы мен температура көрсеткіші өшкенше
басып тұру арқылы өшіруге болады.
2.9 Температураны баптау
Температураны +2°C пен +8°C аралығында
орнатуға болады.
Температура түймешігін басқан кезде
температура көрсеткішінде ағымдық
температура жыпылықтайды. Температура
параметрін температура көрсеткіші
жыпылықтап тұрған кезде ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны орнату
үшін жылы температура түймешесін басыңыз.
Суығырақ температураны орнату үшін суық
температура түймешесін басыңыз. Жаңадан
таңдалған температура температура
көрсеткішінен бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, содан соң қайтадан камера
ішіндегі температура пайда болады.
Құрылғы жаңадан таңдалған температураға
24 сағат өткен соң жетуге тиіс.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұрақтану кезеңінде көрсетілген
температура орнатылған
температураға сай келмеуі мүмкін.
Осы уақытта көрсетілген
температураның орнатылған
температурадан төменірек болуы
ықтимал.
2.10 Температура көрсеткіші
Қалыпты жұмыс жасау кезінде температура
көрсеткіші тоңазытқыш ішіндегі
температураны көрсетеді.
Көрсетілген температура мен
орнатылған температура екеуара
айырмашылығының болуы қалыпты
жағдай. Әсіресе:
жаңа параметр жақында ғана
таңдалса.
есік ұзақ уақыт бойы ашық қалса.
камераға жылы тамақ қойылса.
2.11 Action Cool функциясы
Action Coolфункциясы орнатылған кезде
құрылғы жұмысы тиімділігі ең жоғарғы
деңгейде болады. Бұл функцияны аса көп
мөлшерде тағам салған кезде пайдалану
ұсынылады.
Action Cool функциясын Action Cool
түймешесін басып қосуға болады.
Action Cool шамы жанады.
Ішкі температура +2°C дейін азаяды.
Шамамен 6 сағат өткен соң Action
Cool функциясы автоматты түрде
өшіп қалады.
3. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
3.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
ҚАЗАҚ 7
3.2 Жаңа тағамды тоңазыту
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Мұздатылатын жаңа тағамды сол жақ
бөліктерге салыңыз да, мұздап болғаннан
кейін тағам сақтайтын себеттерге салыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
Action Freeze функциясын қашан
пайдалануға болады:
6 сағат
бұрын
Аз мөлшердегі жаңа
тағамды (5 кг
шамасында) салар
кезде
24 сағат
бұрын
Ең көп мөлшердегі
тағамды салар кезде
(техникалық ақпарат
тақтайшасын қараңыз)
қажет
емес
Тоңазытылған тағамды
салу
қажет
емес
Ең көп дегенде 2 кг
болатын аз мөлшердегі
жаңа тағамды
күнделікті салып отыру
3.3 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
3.4 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға
арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы
науаларға су толтырыңыз да, содан соң
оларды мұздатқыш камераға салыңыз.
Науаларды камерадан алу үшін
металл аспаптарды пайдаланбаңыз.
3.5 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
8
www.electrolux.com
3.6 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
Орынды тиімді пайдалану үшін алдыңғы
жарты сөрелерді артқы сөрелерге жатқызып
жинауға болады.
3.7 Тоңазытқыш есігі
Дұрыс ашып-жабу үшін екі есікті де қатар
ашып-жабуды ұсынамыз (суретте
көрсетілгендей).
3.8 Өте салқын бөлік
Осы бөліктің температурасы (0°C градустан
+3°C градусқа дейін) арнайы сенсордың
көмегімен сақталып тұрады. Оны реттеудің
қажеті жоқ.
Осы бөлікке салынған тағамдар жаңа
қалпында, барынша жақсы сақталады.
Тағамдарды алюминий жұқалтырға немесе
пластик таспаға орау ұсынылады.
Сусындарды осы бөлікке салып, мұздатып
алмай тез салқындатуға болады.
Есікті жабар алдында тартпалардың толық
жабылғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 9
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
4.1 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
4.2 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап
көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны
сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек
бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият
тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа
өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
4.3 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
4.4 Тоңазытылған тағамдарды
сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз
жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін
сапасы дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық
мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
10
www.electrolux.com
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
5.1 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
Ас үйге арналған тазалағыш заттардың
көпшілігінің құрамында, құрылғының
пластикалы бөліктеріне зиян келтіретін/
бүлдіретін химиялық заттар бар.
Сондықтан да, құрылғының ішкі және
сыртқы беттерін нейтрал сабын қосылған,
жылы суға шайылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Жуғыш заттарды немесе түрпілі
түйірлері бар пастаны қолданбаңыз,
себебі мұндай заттар құрылғының
сыртқы бояуын немесе дақ түсуден
сақтайтын болат қаптамасын
бүлдіреді.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,
кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып
отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы (қара гриль) мен
компрессорды шөткемен тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып, электр
қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.
Камераның ішіндегі түтікше немесе
сымдардың ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп
алудан сақтаныңыз.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
5.2 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
жағдайда мына сақтық шараларын
орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны
және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,
электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі
тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып отыруын
сұраңыз.
5.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау
тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,
мотор компрессоры тоқтаған сайын
автоматты түрде шығарылады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге су шығатын саңылау арқылы
жиналады да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға
тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі
науаның ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған
маңызды.
ҚАЗАҚ 11
5.4 Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда
құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды
дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық
ауаның болуына байланысты.
6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулық себебін іздестірмес бұрын
ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Қалыпты жұмыс кезінде біраз шуыл
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естілуі мүмкін.
Ақаулық Мүмкін себептері Шешімі
Құрылғы жұмыс жасамай
тұр. Құрылғы шамы
қосылмай тұр.
Құрылғы өшірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Аша электр желісіндегі
розеткаға дұрыс
жалғанбаған.
Аша электр желісіндегі
розеткаға дұрыс сұғыңыз.
Құрылғыда қуат жоқ.
Розеткада кернеу жоқ.
Әртүрлі электр құрылғыларды
розеткаға қосып көріңіз.
Электр маманын шақырыңыз.
Сигнал шамы
жыпылықтайды.
Мұздатқыш камерадағы
температура тым жоғары.
"Артық температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Шам қосылмай тұр. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамда ақау бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
12
www.electrolux.com
Ақаулық Мүмкін себептері Шешімі
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте
жақын қойылған.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
6.1 Шамды айырбастау
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Шамның қақпағын алыңыз (суретке
қараңыз).
Қолданылған шамның орнына қуат
параметрі дәл осындай және тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды салыңыз.
(қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның
қақпағында көрсетілген).
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Есікті ашыңыз. Шамды жағып тексеріп
көріңіз.
6.2 Есікті жабыңыз
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 13
7. ОРНАТУ
7.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының
техникалық ақпараттар тақтайшасында
көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
7.2 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
7.3 Биіктігін реттеу
820-870 mm
Құрылғыны ас үйдегі басқа құрылғыларға
сай келтіріп орнату үшін биіктігін 820 мм-ден
870 мм-ге дейін көтеруге болады.
14
www.electrolux.com
870 mm
820 mm
Құрылғыны басқа құрылғылардың ортасына
орнатпай тұрып, тіректерінің биіктігін және
артқы дөңгелектерін реттеңіз. Құрылғының
дөңгелектерінің биіктігі зауыттан
шығарылатын кезде 820 мм-ге қойылған.
Құрылғының биіктігін 870 мм-ге дейін көтеру
үшін, тіректерін кілттің көмегімен биіктетіңіз,
содан кейін дөңгелектерін алып ең төменгі
қалыпқа қойыңыз.
7.4 Бүйір панельдерін салу
820 mm
1015 mm
539 mm
541 mm
30 mm
64 mm
280 mm
15 mm
17.5 mm
B
A
260* mm
15 mm
C
Қапсырмаларды сызбада көрсетілгендей
панельдерге салыңыз. Панельдің астыңғы
жағына 100мм жақтау салу үшін 260* мм-ге
рұқсат беріледі. 260* мм өлшемін
жақтаулардың өлшеміне сай көбейтуге
болады.
1.
Артқы жиегі
2.
Алдыңғы жиегі
3.
Оң жақ бүйірлік панель
ҚАЗАҚ 15
D
D
1
2
D
D
2
3
1
Құрылғыны ас үй қаптамасына орнатпай
тұрып, топсаларға тығыздағыштарды
салыңыз. Суретке қараңыз.
45 mm
Панельдерді құрылғыға сүйеп қойыңыз.
Панельдердің қалыңдықтарын ескере
отырып артқы қапсырмаларды салыңыз
(құрылғының ені ең көбі 900 мм).
Құрылғыны дұрыс реттеп орнату үшін
құрылғы мен ас үй қаптамасының арасында
45 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
Панельдердің алдыңғы жағын бекітіңіз.
Текшелерді (қалтаның ішінде) есіктің
астыңғы жағына (сілтемелер берілген)
бекітіңіз.
16
www.electrolux.com
N
90
o
115
o
N
L
L
Егер қажет болса, есікті ең көбі 90° градусқа
ашу үшін жеке берілетін білікшені қолдануға
болады. Суретке қараңыз.
ҚАЗАҚ 17
7.5 Панельдерді реттеу (егер қажет болса)
1
2
Есікті жабыңыз да, бұрандалардың
көмегімен кішкене есіктің биіктігін қажетті
деңгейге қойыңыз.
Кішкене есіктерді тігінен реттеп қою үшін де
осы бұрандаларды қолданыңыз.
Егер қажет болса, кішкене есіктерді
жылжытып, көлденеңінен реттеуге болады.
Есіктерді реттеп болғаннан кейін
қапсырмалардың гайкасын және кішкене
қапсырманың бұрандаларын қатайтыңыз.
18
www.electrolux.com
1
2
3
Есіктің астындағы қапсырманы панельге,
керек-жарақтар салынған қалтадағы екі
пластик тығырықтың көмегімен бекітіңіз.
Содан кейін қапсырманың қақпағын
салыңыз.
7.6 Құрылғыны кіріктіріп орнату
1
2
Құрылғыны ұяға кіргізіңіз.
Дұрыс орынға қою үшін қапсырманы 180°
градусқа айналдырыңыз ( 2). Зауыттан
жеткізілген кезде (1) қалпына қойылады.
Тиісті қапсырманы қолданып қабырғаға
бекітіңіз.
ҚАЗАҚ 19
50 mm50 mm
Құрылғының үстіңгі жағы ауа жақсы алмасып
тұру үшін таза тұруға тиіс. Егер құрылғының
үстіңгі жағына жиһаз орнатылса, құрылғы
мен жиһаздың арасында 50 мм және төбеге
дейін кем дегенде 50 мм орын қалуға тиіс.
7.7 Жақтауды орнату
140-190 mm
170-220 mm
30-100 mm
900 mm
820-870 mm
Биіктігі 820 мм болуға тиіс
Егер 140-170 мм жақтауды
қолдансаңыз, көрсетілгендей
кесіңіз.
Егер 100 мм-ден биік, 140 мм-ден
аласа жақтауды қолдансаңыз,
құрылғымен бірге жеткізілген
биіктікті реттеуге арналған
жақтаушаның биіктігін кесіп
реттеп, жақтау мен желдету
саңылауының арасына қойыңыз.
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Electrolux ENX4596AOX Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu