• Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде
әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
• Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
• Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
• Кір кептіргіште кептіруге болатын
құрғақ маталарды ғана кептіріңіз.
Матаның затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
• Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
• Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
• Суы тамшылап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
• Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
• LED шамы барабанды
жарықтандыру үшін қажет. Бұл
шамды басқа жарықтандыру
мақсаттары үшін қайта пайдалануға
болмайды.
• Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
www.electrolux.com6