• Нəски, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы жəне ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
• Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
• Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң
оны
əрқашан электр желісінен ағытып,
суды тоқтатып қойыңыз.
• Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
ОРНАТУ
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Құрылғы орауышын ашқанда
, оның
еш жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмəндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
тиісті тарауды қараңыз.
• Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын жəне кір суды
ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
• Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
• Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
əрқашан тексеріп отырыңыз.
• Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза жəне кір
су құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кəсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кəсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
• Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған.
Құрылғыны
басқа мақсатта пайдалануға
болмайды.
• Тек машинада жууға не кептіруге
болатын матаны жуу не кептіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Əр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз
• Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
• Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың
салынып тұрғандығын тексеріңіз.
Тозығы жеткен не жыртық заттарды
жумаңыз, сыр, сия,
тот, шөп нілінен
қалған дақтарды алдын ала кетіріңіз.
Сым өткізілген төс тартқыштарды
машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
• Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
• Кейбір үлкен төсек жапқыштар мен
көрпелер коммерциялық мақсатта
шығарылған үлкен машиналарда
жуылады/кептіріледі, сондықтан да
бұндай
заттарды тұрмыста
қолданылатын машинада жумас
бұрын оларды өндірушіге
хабарласыңыз.
electrolux 3