Electrolux EWF106110W Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu

Bu kılavuz için de uygundur

Қолдану туралы
нұсқаулары
Упутство за употребу
kullanma kılavuzu
Кір жуғыш машина
Машина за прање рубља
Çamaşır Makinesi
EWF 86110W
EWF 106110W
EWF 126110W
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 4
Басқару панелі 6
Бірінші қолдану 8
Әркүндік қолдану 8
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
11
Жуу бағдарламалары 13
Күту менен тазалау 15
Не істерсіңіз, егер... 19
Техникалық сиппатама 22
Пайдалану көлемі 23
Орнату 23
Электртоғына қосу 27
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 27
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркәсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз
деп санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса
не басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі
құрылғының функциялары мен оған
қатысты ескертулерден хабардар
болу үшін осы кітапшаны құрылғымен
бірге қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны
ешқашан қоспаңыз. Құрылғы
бөлшектері бүлінген жағдайда оны
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында
жеткізілсе: Кір жуғыш машинаны ең
алғаш пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге әрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурадағы жуу
бағдарламаларын пайдаланған кезде
пеш есігінің шынысы қызып кетуі
ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
Кішкентай балалар мен үй
жануарларының барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
машинаны пайдаланбас бұрын
барабанның ішін тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді. Бұл
заттарды қанша мөлшерде
пайдалану қажеттігін өндіруші
нұсқаулығы бойынша анықтаңыз.
Нәски, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы және ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
2 electrolux
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны
әрқашан электр желісінен ағытып,
суды тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның
еш жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
тиісті тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
•Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза және кір
су құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кәсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
Пайдалану
Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған. Бұны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Әр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың
салынып тұрғандығын тексеріңіз.
Тозығы жеткен не жыртық заттарды
жуудан сақ болыңыз және сыр, сия,
тот, шөп нілінен қалған дақтарды
алдын ала кетіріңіз. Сым өткізілген
төс тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Егер буланатын
тазалағыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмас бұрын
сұйықты кетіру шарасы жүзеге
асырылуға тиіс.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі
жағы ашық қалған кір жуғыш
машинаны ешқашан пайдаланбаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне байланысты не пеш
жұмысына қатысты тәжірибесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
electrolux 3
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Орауыш материалдар(мысалы,
пластик таспа, полистирол)балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін - тұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардан
барынша алыс ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың
қолы жетпейтін сенімді жерге
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Машина балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды қосу үшін
есіктің ішкі жағындағы
түймешікті(баспай тұрып),
таңбаламасы көлденең қалыпқа
келгенше сағат бағыты бойынша
бұраңыз. Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті сағат
бағытына қарсы бұрап,
таңбаламасын тік қалыпқа әкеліп
қойыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтына отырып,
кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың
барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай
пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да
азайтуға мүмкіндік береді.
1 2
3
4
5
6
1 Жуғыш зат үлестіргіш 2 Басқару панелі
4 electrolux
3 Есіктің тұтқасы
4 Техникалық ақпарат тақтайшасы
5 Кір су сорғышы
6 Өзгермелі сирақ
Жуғыш зат үлестіргіші
Алдын ала жуу және кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат салынатын
немесе дақты кетіру (егер болса) циклы
кезінде дақ кетіргіш салынатын
бөлімше. Алдын ала жууға және кірді
жібіту ге арналған жуғыш зат жуу
бағдарламасы басталған кезде
қосылады. Дақ кетіргіш зат дақты кетіру
барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталарға сәл уақыт қалғанда
салыңыз.
Сұйық ұстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Бұл заттарды қолдану мөлшері
бойынша өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз және оны жуғыш зат
үлестіргіштегі «MAX» таңбасынан
асырмай салыңыз. Кез келген мата
жұмсартқыш не крахмалдайтын
үстемелерді бөлімшеге жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
Бағдарлама нұсқаулығы
Бағдарлама нұсқаулығы жуғыш зат
үлестіргіш қорапшасының алдыңғы
жағында орналасқан.
Басқа тілдерде жазылған бағдарлама
нұсқаулықтары, пайдаланушы
нұсқаулығы салынған қалтада. (Кей
құрылғыларда бірден артық бағдарлама
нұсқаулығы жоқ).
Бағдарлама нұсқаулығын айырбастау
үшін:
1. Дұрыс жағынан тартып шығарыңыз
да, алыңыз.
2. Жаңа бағдарлама нұсқаулығын
салыңыз.
electrolux 5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарламаны таңдайтын
түймеше, сондай-ақ түймешіктер мен сигнал шамдары көрсетілген. Бұлар
төмендегі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
1 2 3 4 5 6 7
1 Бағдарлама таңдау тетігі
2 АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
3 ПАРАМЕТРЛЕР түймешігі
4 ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
5 БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
6 КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
7 Сигнал шамдары
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру
мен/не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын азайту
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгерте аласыз.
Түнгі цикл
Бұл функцияны таңдаған кезде, машина
жуылған кір бырысып қалмас үшін
соңғы шаю циклінің суын сарқымайды
және айналдыру циклдерінің ешбірін
болдырмайды. Бұл жуу циклі еш
шуылсыз орындалады, оны түнгі
мезгілде не электр қуатының қарқыны
азырақ кездері таңдауға болады. Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдеріне
көбірек су қосылады. Есікті ашпас
бұрын суды төгу қажет болады. Суды
сарқу үшін "Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
Шаюды кідірту
Бұл функцияны таңдағанда, киімдер
бырысып қалмас үшін соңғы шаюдан
қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
Есікті ашпас бұрын суды төгу қажет
болады. Суды сарқу үшін
"Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
Алдын ала жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
Күнделікті
Осы түймешікті басқан кезде жуу
ұзақтығы қысқарады. Шамалы
ластанған кір үшін қолдануға арналған.
Супер жылдам
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана
тазартылуға тиіс киім-кешектерге
арналған қысқа мерзімді цикл.
Машинаға салынатын кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше
қосымша шаю циклдері орындалады.
6 electrolux
Бұл функция жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін, сондай-
ақ суы аса тұщы жерлерде қолдану
үшін ұсынылады.
Кешіктіріп бастау
Бұл түймешік арқылы бағдарламаны 2,
4 не 8 сағатқа кешіктіріп бастауға
болады.
Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
Индикаторлық сигнал шамдары
7.1
7.2
7.3
5 түймешігін басқаннан кейін ЖУУ (7.1)
сигнал шамы жанады. 7.1 сигнал шамы
жанғанда, бұл құрылғының жұмыс істеп
тұрғанын білдіреді.
Бағдарлама аяқталған кезде, ЦИКЛДЫ
АЯҚТАУ сигнал шамы (7.3) жанады.
Бағдарлама басталған кезде ЕСІК
сигнал шамы (7.2) жанады да, есікті
ашуға болатынын-болмайтынын
көрсетеді:
шам жанды: есікті ашуға болмайды.
Құрылғы жұмыс істеп тұр немесе
барабанда су қалған күйі тоқтап тұр.
шам сөнді: есікті ашуға болады.
Бағдарлама аяқталды немесе
машина судан босады.
шам жыпылықтап тұр: есік ашылуда.
Белгішелер кестесі
Таңдау тетігінің белгілері:
Мақта мата
Эко
Үнемдеу (қуат
үнемдеу
бағдарламасы)
Суық сумен жуу
Синтетика
Нәзік мата
Жүн мата/Қолмен
жуу
Шаю циклі
Суды ағызу
Айналдыру
Шағын
Түймешіктер мен сигнал шамдары:
Түнгі цикл
Шаюды кідірту
Айналдыруды
азайту
Алдын ала жуу
Күнделікті
Супер жылдам
Функциялар
Экстра шаю
Кешіктіріп бастау
Кір жуу
Есік құлыптаулы
Аяқтау
electrolux 7
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Машинаның электр желісі мен су
жүйесіне "орнату туралы
нұсқауларға" сай қосылғандығын
тексеріңіз.
Барабан ішінен полистирол блогы
және басқа да материалдардың
барлығын алыңыз.
Біз жуғыш зат үлестіргіштің негізгі
жуу цикліне арналған
қорапшасына
of the detergent
drawer in order to activate the ЭКО
тығырығын белсенді күйге көшіру
үшін 2 литр су құюды ұсынамыз.
Содан соң мақта мата циклін
максимум температураға қойып,
барабан мен машина ішінен
өндіру барысында қалған
қалдықтардан тазалау үшін
машинаны ішіне еш кір салмастан
қосыңыз. Негізгі жуу цикліне
арналған үлестіргіш қорапшаға
1/2 мөлшердегі жуғыш заттан
салыңыз да, машинаны іске
қосыңыз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Кірді салыңыз
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз
Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай
тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға
не таңдалған
бағдарлама/параметрге сай тиісті
қорапшаға салыңыз(қосымша
ақпаратты "Жуғыш зат үлестіргіші"
тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
8 electrolux
Қажетті бағдарламаны бағдарлама
таңдағыш түймеше (1) арқылы
таңдаңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз.
Кір жуғыш машина таңдаған
бағдарламаңыз үшін максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты
түрде ұсынады. Бұл мәнді тиісті
түймешікті басып өзгертуіңізге болады.
5 түймешігінің жасыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты
бойынша не сағат бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қайтару/машинаны
өшіру үшін түймешені " O" қалпына
қойыңыз.
Машинаны сөндіру үшін
бағдарламаның соңында бағдарлама
таңдау тетігін O қалпына қою керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Бағдарламаны таңдайтын
түймешені машина жұмыс жасап
тұрған кезде басқа бағдарламаға
әкеліп қойсаңыз, 5 түймешігінің
қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтап, бұл таңдаудың қате
екендігін білдіреді. Машина
жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
Айналдыру жылдамдығын 2 түймешігін
басу арқылы азайтыңыз
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз келсе, 2
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Сәйкес келетін шам жанады.
Машина жадындағы функцияларды 2, 3
және 4 түймешіктерін басып таңдаңыз
Бағдарлама түріне қарай әртүрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң, бағдарламаны
бастамай тұрып таңдау қажет.
Бұл түймешіктерді басқан кезде, тиісті
сигнал шамдары жанады. Оларды
қайта басқан уақытта сигнал шамдары
өшеді. Теріс Функция таңдалған кезде 5
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
Жуу бағдарламалары мен
параметрлердің өзара үйлесімділігі
туралы ақпаратты "Жуу
бағдарламалары" тарауынан
алыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 6
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Сәйкес келетін шам жанады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 5 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
параметрлерді таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 5 түймешігін басыңыз:
машина сағат сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң бағдарлама
басталады.
Бағдарламаны бастаған соң кідіртіп
бастауды болдырмау:
1. 5 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. 6 түймешігін бір рет бассаңыз,
таңдалған кешіктіріп бастау
уақытына қатысты шам сөнеді
3. Бағдарламаны бастау үшін 5
түймешігін қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды.
electrolux 9
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты
аяқталғанша құлыптаулы тұрады. Егер
есікті ашу қажет болса машинаны
ҮЗІЛІСКЕ ( 5 түймешігін басу арқылы)
қойып, содан соң бірнеше минут күтіңіз.
Есікті жапқан соң 5 түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарламаны 5 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 5
түймешігін басыңыз, тиісті жасыл
сигнал шамы жыпылықтағанын қояды.
7.1 және 7.2 сигнал шамдары жанады
да, машинаның жұмыс істей бастағанын
және есіктің құлыпталып қалғандығын
көрсетеді.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 5 түймешігін басыңыз:
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен әрі
қарай жалғастыру үшін 5 түймешігін
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау
функциясы таңдалған жағдайда
машина кері санақты бастайды.
Функция дұрыс таңдалмаған кезде 5
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
Параметрге не орындалып тұрған
бағдарламаға өзгеріс енгізу
Бағдарлама кейбір параметрлерді
орындамай тұрып оларды өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізбес бұрын,
машинаны 5 түймешігін басып барып
ҮЗІЛІСКЕ қоюға тиіссіз.
Орындалып тұрған бағдарламаны тек
бастапқы қалыпқа әкелген соң ғана
өзгертуге болады. Бағдарламаны
таңдайтын түймешені O қалпына
әкеліңіз де, содан соң оны жаңа
бағдарламаға қойыңыз. 5 түймешігін
қайта басып жаңа бағдарламаны
бастаңыз. Машина ішіндегі кір
жуылатын су сарқылмайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірте тұру үшін 5 түймешігін басыңыз,
тиісті жасыл шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті қайта басыңыз.
Бағдарламаны болдырмау
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға
болады.
Есікті ашу
Бағдарлама басталған соң (не
кешіктіріп бастау функциясы кезінде)
есік құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз
келсе алдымен машинаны 5 түймешігін
басып ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз. Бірнеше
минуттан соң 7.2 шамы өшеді де, есікті
аша беруге болады.
Егер шам жанған қалпы қалып, есік
құлыпталып тұрса, бұл машинаның
суды әлдеқашан қыздыра бастағанын
не су деңгейінің тым жоғары екендігін
білдіреді. Есікті ешбір жағдайда күшпен
ашуға тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса,
түймешені
қалпына қою арқылы
машинаны өшіріңіз. Бірнеше минуттан
соң есікті ашуға болады (судың деңгейі
мен температурасына назар
аударыңыз!).
Есікті жапқан соң, бағдарлама мен
функцияларды қайта таңдап, 5
түймешігін басу қажет.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды. 5
түймешігінің, 7.1 және 7.2
түймешіктерінің шамдары сөнеді. 7.3
түймешігінің шамы жанады.
Егер аяқталған кезде машина ішінде су
қалатын бағдарлама не функция
таңдалса, 7.2 сигнал шамы жанған
қалпы қалады да, есік бекітіліп,
машинадағы суды есікті ашпай тұрып
төгу қажеттігін ескертеді.
Суды сарқу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1. Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қалпына қойыңыз.
2. Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
10 electrolux
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. 5 түймешігін басыңыз.
Бағдарлама соңында 7.2 сигнал шамы
өшеді де, есікті енді аша беруге
болатындығын көрсетеді. Машинаны
өшіру үшін бағдарламаны таңдайтын
түймешені
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз
жеткізіңіз. Тағы да кір жуғыңыз келмесе
су құятын кранды жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Күту режимі: бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше минут
өткен соң қуатты үнемдеу режимі
қосылып, оның индикаторы жанады.
Кез келген түймешікті басу арқылы,
құрылғыны қуатты үнемдеу
режимінен шығаруға болады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
Дақтарды кетіру
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ кетіргіш
бензинмен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз; осыны бірнеше рет
қайталаңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:скипидармен
жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың үстіне
қойып, мақтадан жасалған матаны
даққа қойып, оны саусағыңыздың
ұшымен басып сіңіріп алыңыз.
Тот:ыстық суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына әлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
electrolux 11
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ кетіргіш,
этил спирті не бензинмен сүртіңіз,
содан соң жуғыш қоймалжыңмен
ысқылаңыз.
Жуғыш заттар мен қоспалар
Жуған кезде жақсы нәтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай және
қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нәзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
және қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Әдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нәзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не
әсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
Жуғыш заттың пайдаланылатын
мөлшері
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері киім матасының түрі, салынған
мөлшері, қаншалықты кірленгендігі мен
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Заттың пайдаланылатын мөлшерін
өндіруші нұсқауларына сай анықтап
пайдаланыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз
мөлшерде жұмсаңыз:
аз ғана кір жусаңыз,
заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,
жуған кезде көбік көп болса.
Су кермектігінің деңгейі
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не жергілікті әкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жоғары болса,
өндіруші нұсқауларын әрқашан
орындай отырып су жұмсартқыштан
қосыңыз. Су жұмсақ болса жуғыш
заттың қосылатын мөлшерін қайта
баптаңыз.
12 electrolux
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама
Ең жоғары және ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Салынатын кірдің ең үлкен салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
МАҚТА МАТА
95°-60°
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг – Азайтылған салмақ 3 кг
Ақ және бояуы берік мақта матаға (қатты және
қалыпты кірлеген заттар) арналған.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
60°
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг
Ақ және бояуы берік мақта мата (қалыпты кірлеген
заттар).
Бұл бағдарламаны аздап немесе қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
созылады. Бұл қуатты үнемдей отырып жуу
нәтижесін жақсартуға көмектеседі.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
40°
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг
Түрлі-түсті мақта матаға арналған(жеңіл кірлеген
заттар).
Бұл бағдарламаны аздап немесе қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
созылады. Бұл қуатты үнемдей отырып жуу
нәтижесін жақсартуға көмектеседі.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
МАҚТА МАТА
40°- СУЫҚ
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг – Азайтылған салмақ 3 кг
Түрлі-түсті мақта матаға арналған(жеңіл кірлеген
заттар).
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
electrolux 13
Бағдарлама
Ең жоғары және ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Салынатын кірдің ең үлкен салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
СИНТЕТИКА
60°- СУЫҚ
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы, үлгісіне қарай 900
айн/мин немесе 800 айн/мин.
Макс. салмақ 3 кг – Азайтылған салмақ 1,5 кг
Синтетика немесе аралас мата: іш киім, түрлі-түсті
киім-кешек, отырып қалмайтын жейде, блузкалар.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
НӘЗІК МАТА
40°-30°
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 700 айн/мин
Макс. салмақ 3 кг - Азайтылған салмақ 1,5 кг
Нәзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер.
АЙНАЛДЫРУ (тек
EWF 86110W
үлгісі үшін)
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
2)
ҚОЛМЕН ЖУУ/ЖҮН МАТА
40°- СУЫҚ
Негізгі жуу – Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы, үлгісіне қарай
800/900/1000 айн/мин
Кірдің макс. салмағы 2 кг
Машинада жууға болатын жүн мата мен қолмен
жуылатын жүн тоқыма, сондай-ақ «қолмен жуылады»
деген затбелгісі бар нәзік маталарға арналған жуу
бағдарламасы. Ескерім: Бір ғана бұйым немесе ауыр
бұйым тепе-теңдікті бұзуы мүмкін. Егер құрылғы
соңғы айналдыру циклін орындамаса, кірді көбірек
қосып салып, оларды қолмен таратыңыз да, содан
соң айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ШАЮ
Шаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға және
айналдыруға болады. Шаю қарқынын үдету үшін
ҚОСЫМША ШАЮ бағдарламасын таңдаңыз. Құрылғы
бірнеше шаю циклін қосып орындайды.
АЙНАЛДЫРУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ҚОСЫМША ШАЮ
ТӨГУ
Суды төгу
Макс. салмақ 6 кг
Түнгі цикл мен шаюды кідірту функциялары
таңдалған бағдарламаларда соңғы рет шайылған
суды төгуге арналған.
14 electrolux
Бағдарлама
Ең жоғары және ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Салынатын кірдің ең үлкен салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
АЙНАЛДЫРУ
Суды төгу және ұзақ айналдыру
Ең үлкен айналдыру жылдамдығымен (үлгісіне қарай
800/1000/1200 айн/мин) ұзақ айналдыру
Макс. салмақ 6 кг
Қолмен жуылған киім-кешек үшін және шаюды кідірту
мен түнгі цикл функциялары таңдалған
бағдарламалардан соң арнайы айналдыру. Тиісті
түймешікті басып, айналдырылатын матаға сай
келетін айналдыру жылдамдығын таңдап алуға
болады.
АЙНАЛДЫРУ
ШАҒЫН
30°
Негізгі жуу – Шаю кезеңдері – Қысқа айналдыру
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 700 айн/мин
Кірдің ең үлкен салмағы 3 кг
Шамалы кірлеген немесе жеңіл-желпі жуылатын кірді
жууға қолайлы.
АЙНАЛДЫРУ (тек
EWF 86110W
үлгісі үшін)
= ӨШІРУ
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола тоқтату немесе машинаны өшіруге арналған.
1) Егер "Аса жылдам" функциясын 3 түймешігін басу арқылы таңдасаңыз, ең үлкен салмақты
көрсетілгендей азайтуды ұсынамыз. (Азайт. салмақ = азайтылған салмақ). Машинаға кірді толтыра
салуға болады, бірақ кір жуу нәтижесі аздап төмендейді.
2) Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда, АЛДЫН АЛА ЖУУ функциясы жоқ бағдарламаны таңдау қажет.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны міндетті түрде
электр желісінен ажыратуыңыз
қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында
әдетте әк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш
ұнтақты өндірушінің нұсқауларына сай
орындаңыз. Бұл әк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
Әрбір жуу циклі аяқталған соң
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл
құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға
көмектеседі. Әрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру,
есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
Тазалау үшін жуу
Төмен температурадағы
бағдарламаларды пайдаланған кезде
барабанның ішіне қалдық жиналып
қалуы мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Жуу бағдарламасын машинаны тазалау
мақсатында орындау үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта матаны жууға арналған
бағдарламаны ең жоғарғы
температураға қойып таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.
electrolux 15
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды
сумен жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін
метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
Үлестіргіш қорапшасын тазалау
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Жуғыш зат үлестіргіштің
қорапшасын тартып шығарып
алыңыз. Қалып қойған жуғыш
ұнтақты тазалаңыз. Тазалық жасау
оңай болу үшін қоспа салынатын
қорапшаның үстіңгі жағын алып қою
қажет.
2. Ортаңғы қорапшадан мата
жұмсартқыш салынатын құралды
алыңыз.
3. Барлығын суға салып жуыңыз.
4. Мата жұмсартқыш салынатын
құралды барынша итеріп өз орнына
қойыңыз
5. Кір жуғыш машинаның барлық
жерлерін жуып тазалаңыз, әсіресе
кір жуылатын камера үстіндегі
түтікшелерді шөткемен жақсылап
тазартыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішті бағыттағыш
жолдарға салыңыз да, алға қарай
итеріңіз.
Жуғыш барабан
Жуатын судың құрамындағы тот пайда
болдыратын заттар мен құрамында
темірі су құбырының суы, барабан
ішінің тот басуына себеп болуы мүмкін.
16 electrolux
Өте маңызды! Барабанды құрамында
қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры
бар жеміргіш заттармен, немесе темір
не болат жөкемен тазаламаңыз.
1. Барабандағы тотты тот баспайтын
болатқа арналған тазалағышпен
тазартыңыз.
2. Тазалағыш заттың қалдығын арылту
үшін жуу циклін ешбір зат салмастан
орындап шығыңыз.
Бағдарлама: Мақта матаға арналған
қысқа бағдарламаны максимум
температураға қойып, шамамен
мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне
салынған жуғыш заттан салыңыз.
Есік тығыздағышы
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тексеріп, оның қатпарларының арасына
тұрып қалуы мүмкін заттарды алып
қойыңыз.
Кір су сорғышы
Су сорғышты уақытылы тексеріңіз,
әсіресе:
машина суы сарқылмаса және/не ол
айналмаса тексеріп отыру қажет
машинаның суын сарқыған кезде
түйреуіш, тиын т.б. сорғышты бітеп
тастайтын заттарға байланысты одан
өзіне тән емес шуыл шығады.
Төмендегіні орындаңыз:
1. Құрылғыны ажыратыңыз.
2. Қажет болса судың суығанын
күтіңіз.
3. Сорғыш есігін ашыңыз.
4. Төгілген затты жинап алу үшін
сауытты сорғышқа жақын қойыңыз.
5. Тосын жағдайларда
пайдаланылатын түтікшені ағытып
алыңыз да, оны сауытқа салып,
қақпағын ашыңыз.
6. Су ағуын тоқтатқан кезде
сорғыштың қақпағын бұрап алып
қойыңыз. Сорғышты алған кезде
ағып кеткен суды сүртіп алу үшін
шүберек әрқашан дайын тұрсын.
electrolux 17
7. Сорғыш импеллерінде қандай да бір
зат тұрып қалса оны бұрап барып
алыңыз.
8. Қақпақты тосын жағдайда суды
сарқу үшін пайдаланылатын түтікке
қайта салып, түтікті өз орнына
орнатыңыз.
9. Сорғышты өз орнына шегіне дейін
бұрап орнатыңыз.
10. Сорғыш есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын!
Машина іске қосылып тұрған кезде,
таңдалған бағдарламаның түріне қарай
сорғышта ыстық су тұруы мүмкін. Жуу
циклі кезінде сорғыш қақпағын ешқашан
ашпаңыз, әрқашан да циклдің
аяқталып, судың сарқылуын күтіңіз.
Қақпақты орнына су жылыстап ағып не
болмаса жас балалар оны алып
тастамас үшін мықтап бұрап қойыңыз.
Су құятын түтікшедегі сүзгілерді
тазалау
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп
жатқанын байқасаңыз, су құятын
түтікшедегі сүзгінің бітелген-
бітелмегенін тексеріп алыңыз.
1. Су құятын шүмекті жабыңыз.
2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан
жасалған шөткемен тазалаңыз.
4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп
қойыңыз.
5. Түтікшені машинадан ағытып
алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден
сүрткіш дайын тұрсын.
6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен
немесе шүберектің қиқымымен
тазалаңыз.
18 electrolux
7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз
да, берік жалғанғанын тексеріңіз.
8. Су құятын шүмекті ашыңыз.
Тосын жағдайда суды сарқу
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды
ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырып алыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса су суығанша күтіңіз;
4. сорғыш есігін ашыңыз;
5. шыныаяқты еденге қойыңыз да,
суды тосын жағдайда сарқуға
арналған түтікшенің ұшын соған
салыңыз. Оның қақпағын алыңыз. Су
шыныаяққа гравитациялық екпінмен
ағып құйылады. Шыныаяқ толған
кезде, түтікшенің қақпағын жабыңыз.
Шыныаяқтағы суды төгіңіз. Бұл
әрекетті су ақпай қалғанша
қайталаңыз;
6. қажет болса сорғышты осыған дейін
айтылып өткендегідей тазалаңыз;
7. суды тосын жағдайда сарқуға
арналған түтікшені орнына қойып
орналастырыңыз;
8. сорғышты қайта бұраңыз да, есікті
жабыңыз.
Мұздап қалудың алдын алатын сақтық
шаралары
Егер машина температурасы 0°C төмен
түсіп кететін жерге орнатылса төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. судың шүмегін жабыңыз да, су
құятын түтікшені шүмектен ағытып
алыңыз;
2. тосын жағдайда суды сарқуға
арналған түтікшенің ұшы мен су
құятын түтікшенің ұшын еденге
қойылған шыныаяққа салып суын
әбден сарқып ағызыңыз.
3. қақпақшасын қайта жапқан соң
тосын жағдайда кір суды сарқуға
арналған түтікшені орнына қойыңыз
да, су құятын түтікшені өз орнына
бұрап салыңыз.
Осылайша, машинаның ішінде қалып
қоюы мүмкін суды ағызып, мұз қатып,
құрылғыға зиян келтіруге жол
бермейсіз.
Машинаны қайта пайдаланған кезде,
қоршаған орта температурасының 0°C
градустан жоғары екендігіне көз жеткізіп
алыңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда су
сарқитын түтікше арқылы ағызған
кезде, әрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу цикліне
арналған қорапшасына құйып, содан
соң сарқу бағдарламасын орындау
қажет. Бұл ЭКО тығырығын белсенді
күйге көшіреді де, жуғыш заттың
жартысының келесі жуу цикліне дейін
пайдаланылмай қалып қоюына жол
бермейді.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Кейбір мәселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап
шығыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде 5
түймешігінің қызыл сигнал шамы
жыпылықтап, машинаның жұмыс
істемей тұрғандығын көрсетуі мүмкін.
Бұл мәселені шешкен соң 5 түймешігін
басып бағдарламаны қайта бастаңыз.
Осы тексерулерден соң ақаулық қайта
орын алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
electrolux 19
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Кір жуғыш машина іске
қосылмайды:
Есік жабылған жоқ ( 5 түймешіктің қызыл шамы
жыпылықтайды).
Есікті нығыздап жабыңыз.
Аша розеткаға дұрыс сұғылған жоқ.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған және 5
түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, 5 түймешігін қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Машинаға су құйылмай тұр:
Су құятын шүмек жабық ( 5 түймешіктің қызыл шамы
жыпылықтайды).
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған ( 5
түймешіктің қызыл шамы жыпылықтайды).
Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп
қалған ( 5 түймешіктің қызыл шамы жыпылықтайды).
Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз (Қосымша
ақпаратты "Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалау"
тарауынан қараңыз).
Есік дұрыс жабылған жоқ ( 5 түймешіктің қызыл шамы
жыпылықтайды).
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су құйылады да,
дереу ағып кетеді:
Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен орналасқан.
«Суды төгу» бөліміндегі тиісті тармақты қараңыз.
Машинаның суы төгілмейді
және/не ол айналмайды:
Су төгетін түтік бұратылып немесе жаншылып қалған ( 5
түймешіктің қызыл шамы жыпылықтайды).
Суды төгетін түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған ( 5 түймешіктің қызыл
шамы жыпылықтайды).
Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.
Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын немесе ешбір
айналдыру циклдері орындалмайтын функция не
бағдарлама таңдалған.
Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді қайта таратып салыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Electrolux EWF106110W Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
Bu kılavuz için de uygundur