STIHL BGA 60 Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu
BGA 60
2 - 22 Қолдану нұсқаулығы
22 - 39 Kullanma talimati
Мазмұны
1 Сөз басы.................................................... 2
2 Осы Пайдалану нұсқаулығы туралы
ақпарат.......................................................2
3 Шолу...........................................................3
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері.............. 4
5 Ауа үрлегішті пайдалануға дайындалу..12
6 Аккумуляторды қуаттау және жарық
диодтары..................................................12
7 Ауа үрлегішті құрау................................. 13
8 Аккумуляторды салу және алу............... 13
9 Ауа үрлегішті қосу және сөндіру............ 14
10 Ауа үрлегішті мен аккумуляторды
тексеріңіз..................................................14
11 Ауа үрлегішпен жұмыс істеңіз................ 15
12 Жұмыс аяқталғаннан кейін..................... 15
13 Тасымалдау............................................. 15
14 Сақтау шарттары.....................................16
15 Тазарту.....................................................16
16 Қызмет көрсету және жөндеу................. 17
17 Ақаулықтарды кетіру...............................17
18 Техникалық сипаттамалар......................19
19 Қосалқы бөлшек (жинақтаушы) және
құрал-жабдықтар..................................... 20
20 Кәдеге жарату..........................................20
21 ЕО нормаларына сәйкестік сертификаты
.................................................................. 21
22 Мекенжайлар........................................... 21
1 Сөз басы
Қымбатты сатып алушылар,
STIHL таңдағаныңыз үшін қуаныштымыз. Біз
өзіміздің жоғары сапалы өнімдерімізді
клиенттеріміздің қажеттіліктеріне сәйкес
әзірлейміз және өндіреміз. Тіпті төтенше
жүктемелердің өзінде жоғары дәрежелі
сенімділікке ие өнімдер осылай жасалады.
STIHL компаниясы да қызмет көрсетудегі
жоғары сапаны жақтайды. Біздің
мамандандырылған дилерлеріміз білікті кеңес
береді және оқытады, сондай-ақ жан-жақты
техникалық қолдау көрсетеді.
STIHL компаниясы табиғатқа өзінің ұқыпты
мен жауапты көзқарасы туралы ашыла
мәлімдейді. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулық сіздің STIHL бұйымыңызды сенімді
және экологиялық күйінде ұзақ мерзім бойы
пайдалануға мүмкіндік береді.
Сеніміңіз үшін сізге алғыс білдіреміз және
STIHL өнімдерінен көп ләззат алуыңызды
тілейміз.
Д-р. Николас Штиль
МАҢЫЗДЫ! ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА ОҚЫП
ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
2 Осы Пайдалану
нұсқаулығы туралы
ақпарат
2.1 Әрекет етуші құжаттама
Жергілікті қауіпсіздік нұсқаулары әрекет етеді.
Осы пайдалану нұсқаулығына қосымша
ретінде, келесі құжаттарды оқып шығыңыз,
түсініңіз және сақтап қойыңыз:
STIHL AK аккумуляторына қойылатын
қауіпсіздік техникасының талаптары
«STIHL» фирмасының аккумуляторлары
және кіріктірме аккумуляторлары бар
тауарлар үшін қауіпсіздік техникасы
жөніндегі ақпарат: www.stihl.com/safety-
data-sheets
2.2 Мәтіндегі ескертулердің
таңбаламасы
Сақтандыру
Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
көрсетеді.
Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Нұсқау
Ескерту, мүліктік нұқсан келтіруі мүмкін
қауіптілікті көрсетеді.
Аталған шаралар, мүлікке нұқсан
келтіруден құтылуға көмектеседі.
2.3 Мәтіндегі нышандар
Бұл нышан осы Пайдалану
нұсқаулығындағы бір тарауға қатысты
болып келеді.
қазақ
2 0458-008-9701-A
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG 2022
0458-008-9701-A. VA2.K22.
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Қағаз қайта өңдеуге жарамды.
Түпнұсқалы нұсқаулықтың аудармасы
0000009835_006_KZ
3 Шолу
3.1 Ауа үрлегіш құрылғы,
аккумулятор және зарядтау
құрылғысы
1
2
3
#
#
#
4
5
6
9
8
7
10
11
12
13
15
17
14
16
0000099078_001
1 Саптама
Саптама ауа ағынын бағыттайды және
жинақтайды.
2 Бекіткіш иінтірек
Бекіткіш иінтірек саптаманы реттегішті
құлыптан босатады.
3 Бұғаттан босату сырғағы
Бұғаттан шығару жылжымасы қосу
иінтірегін босатады.
4 Эргономикалық иінтірек
Эргономикалық иінтірек, қосу иінтірегі
жіберілген кезде бұғаттан шығару
жылжымасын орнында ұстап тұрады.
5 Басқару тұтқышы
Басқару тұтқышы ауа үрлегіш құрылғыны
басқару, бағыттау және тасымалдау үшін
қолданылады.
6 Тоқтатқыш иінтірек
Тоқтатқыш иінтірек аккумулятор бөлігіндегі
аккумуляторды ұстап тұрады.
7 Аккумуляторлық бөлік
Аккумуляторды аккумулятор шахтасынан
алып шығарыңыз.
8 Қорғаныш торы
Қорғаныш торы пайдаланушыны ауа
үрлегіш құрылғының қозғалмалы
бөлшектерінен қорғайды.
9 Қайта қосқыш иінтірек
Қайта қосқыш иінтірек ауа үрлегіш
құрылғыны қосып, сөндіреді.
10 Айдау құбыры
Айдау құбыры ауа ағынын бағыттайды.
11 Аккумулятор
Аккумулятор ауа үрлегіш құрылғыны
энергиямен қамтамасыз етеді.
12 Жарық диодтары
Жарық диодтары аккумулятор қуатының
күйін және ақаулықтарды көрсетеді.
13 Сөндіру түймесі
Сөндіру түймесі аккумулятордағы жарық
диодтарын белсендіреді.
14 Зарядтау құрылғысы
Қуаттағыш аккумуляторды қуаттайды.
15 Жарық диоды
Жарық диоды зарядтау құрылғысының
күйін көрсетеді.
16 Байланыстырушы сым
Біріктіруші сым қуаттағышты штепсельді
айырмен біріктіреді.
17 Қуат ашасы
Қуат ашасы байланыстырушы сымды
розеткамен біріктіреді.
# Машина нөмірі бар паспорт тақтайшасы
3.2 Таңбалар
Ауа үрлегіштегі, аккумулятордағы және
қуаттағыш құрылғыдағы таңбалар келесіні
білдіреді:
Бұл белгі, бұғаттан босату сырғағын
қай бағытта алып тастау және ұстап
тұру керек екенін көрсетеді.
1 жарық диоды қызыл түспен
жанады. Аккумулятор тым ыстық
немесе суық.
4 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтайды. Аккумулятордың
ақаулығы бар.
Жарық диоды жасыл түспен жанады
немесе аккумулятордағы жарық
диодтары жасыл түспен жанады
немесе жыпылықтайды. Аккумулятор
қуатталуда.
3 Шолу қазақ
0458-008-9701-A 3
Жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтайды. Аккумулятор мен
қуаттағыш арасында электрлік
түйіспе жоқ немесе аккумулятор не
қуаттағыш жарамды емес.
L
W
A
Өнімнен салыстырмалы шу деңгейін
қамтамасыз ету үшін 2000/14/ЕҚ
директивасына сәйкес кепілді
дыбыстық қуат деңгейі, дБ(А).
Белігінің жанындағы көрсеткіш
өндірушінің ерекшелігіне сәйкес
аккумуляторда энергияның болуын
көрсетеді. Пайдалану үшін бар болған
энергия қоры шектеулі.
Электр аспабын жабық әрі құрғақ
орынжайда қолданыңыз.
Өнімді тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамаңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы
ережелері
4.1 Ескерту белгілері
Ауа үрлегіш құрылғыдағы, аккумулятордағы
немесе зарядтау құрылғысындағы ескерту
белгілері төмендегіні білдіреді:
Қауіпсіздік техникасы ережелері мен
тиісті шараларды сақтаңыз.
Қолдану нұсқаулығын оқып
шығыңыз, түсініңіз және сақтап
қойыңыз.
Қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Шөп шапқан кезде мотошалғыдан
лақтырылатын нысандарға қатысты
қауіпсіздік техникасының ережелерін,
сондай-ақ нысандардың
лақтырылуын болдырмайтын
шараларды сақтаңыз.
Ұзын шашты жинаңыз, ол ауа
үрлегіш құрылғыға кіріп кетпеуі тиіс.
Жұмысты тоқтатқанда, тасымалдау,
сақтау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу кезінде
аккумуляторды шығарыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғы мен зарядтау
құрылғысын жаңбыр мен ылғалдан
қорғаңыз.
5m (17 ft)
Қауіпсіз қашықтықта
болыңыз.
Аккумуляторды қызудан және оттан
қорғаңыз.
Аккумуляторды жаңбырдың,
ылғалдың әсерінен қорғаңыз және
сұйықтыққа батырмаңыз.
4.2 Мақсатына сай қолдану
Осы STIHL BGA 60 ауа үрлегіш құрылғысы
жапырақтарды, шөпті, қағазды және ұқсас
материалдарды үрлеп шығару үшін
қолданылады.
Ауа үрлегіш құрылғыны жаңбыр кезінде
пайдалануға болмайды.
STIHL AK аккумуляторы ауа үрлегіш
құрылғыны энергиямен қамтамасыз етеді.
STIHL AL 101 зарядтау құрылғысы STIHL AK
аккумуляторын зарядтайды.
Сақтандыру
STIHL тарапынан ауа үрлегіш құрылғы үшін
мақұлданбаған аккумуляторлар мен
зарядтау құрылғылары өртенуге және
жарылуға себепші болуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Ауа үрлегіш құрылғыны STIHL AK
аккумуляторымен берге пайдаланыңыз.
STIHL AK аккумуляторын
STIHL AL 101, AL 301
немесе AL 500 зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз.
Егер ауа үрлегіш құрылғы, аккумулятор
немесе зарядтау құрылғысы мақсатына сай
пайдаланылмаса, адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Ауа үрлегіш құрылғыны, аккумуляторды
және зарядтау құрылғысын осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай
пайдаланыңыз.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4 0458-008-9701-A
4.3 Пайдаланушыларға
қойылатын талаптар
Сақтандыру
Үйретілмеген пайдаланушылар ауа
үрлегіштің, аккумулятордың және
қуаттағыштың қауіптілігін түсінбеуі және
оған мән бермеуі мүмкін. Пайдаланушы
және басқа да адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз, түсініңіз және сақтап
қойыңыз.
Егер ауа үрлегіш, аккумулятор немесе
зарядтау құрылғысы басқа тұлғаға
берілсе: Сонымен қатар пайдалану
нұсқаулығы қоса беріледі.
Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
Пайдаланушы шаршаған емес.
Пайдаланушы ауа
үрлегішті, аккумуляторды
және қуаттағышты
пайдалану және онымен
жұмыс істеу үшін
физикалық, тактильдік
және психикалық жақтан
сау болып табылады.
Егер пайдаланушының
физикалық қабілеті, дене
түйсігі арқылы сезіну
қабілеті немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі болса,
онда пайдаланушы,
жауапты тұлғаның
бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана
жұмыс істей алады.
Пайдаланушы ауа үрлегіш,
аккумулятор және қуаттағыш
құрылғының қауіптілігін анықтай және
бағалай алады.
Пайдаланушы кәмелетке
толған тұлға болып
табылады немесе
пайдаланушы
мамандыққа ұлттық
ережелерге сәйкес
бақылаумен оқиды.
Пайдаланушы ауа
үрлегішті бірінші рет
пайдаланудың алдында
STIHL
мамандандырылған
дилеріне немесе
құзыретті тұлғаға бару
және қуаттағышын
пайдалану.
Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек
немесе есірткі әсерінде емес.
Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
4.4 Киімдер мен жабдықтар
Сақтандыру
Жұмыс істеген кезде ұзын шаш ауа үрлегіш
құрылғыға ілініп кетуі мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы мүмкін.
Ұзын шашты иықтан жоғары
болатындай етіп ораңыз және
бекітіңіз.
Жұмыс істеген кезде заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Нық жабысатын қорғаныс
көзілдірігін киіңіз. Қорғаныс
көзілдірігінің сәйкестігі EN 166
стандартына немесе ұлттық
нормаларына сәйкес келетін және
белгілермен сатуға рұқсат етіледі.
Ұзын шалбар киіп жүріңіз.
Жұмыс істеген кезде шаң көтерілуі мүмкін.
Дем жұтылатын шаң денсаулыққа зиян
келтіруге және аллергиялық реакцияларды
тудыру мүмкін.
Егер шаң құйындалатын болса: шаңға
қарсы маска тағыңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0458-008-9701-A 5
Қолайсыз киім ағаштарға, қопаларға және
ауа үрлегіш құрылғыға ілініп кетуі мүмкін.
Тиісті киім кимеген пайдаланушылар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Тығыз тиіп тұратын киім кию.
Мойынорағыштар мен әшекейлерді алып
тастаңыз.
Егер пайдаланушы сай келемейтін аяқ
киімді кисе, ол тайғанауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
Тайғанамайтын табаны бар берік жабық
аяқ киімді киіңіз.
4.5 Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
4.5.1 Ауа үрлегіш құрылғы
Сақтандыру
Бөгде тұлғалар, балалар және жануарлар
ауа үрлегіш құрылғы мен лақтырылған
заттардың қауіптілігін тани және бағалай
алмауы мүмкін. Бөгде адамдар, балалар
және жануарлар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
5m (17 ft)
Бөгде адамдар, балалар
және жануарлар жұмыс
аумағының айналасында
5 м-лік радиуста болмауы
тиіс.
Оңтайлы қашықтық – нысандарға дейін
5 м болып табылады.
Ауа үрлегіш құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Балалар ауа үрлегіш құрылғымен ойнай
алмайтынына көз жеткізіңіз.
Ауа үрлегіш құрылғы судан қорғалмаған.
Жауын-шашын кезінде немесе ылғал
ортада жұмыс жасау электр тогына
соғылуға әкеліп соғуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы және ауа
үрлегіш құрылғы зақымдалуы мүмкін.
Жаңбырлы күні және ылғалды
ортада жұмыс істемеңіз.
Ауа үрлегіш құрылғының электр
толықтырушы бөлшектері ұшқын атуы
мүмкін. Ұшқындар жеңіл тұтанатын және
жарылу қаупі бар орталарда өртену және
жарылу себебі болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі бар
орталарда жұмыс істемеу керек.
4.5.2 Аккумулятор
Сақтандыру
Бөтен тұлғалар, балалар және жануарлар
аккумулятордан туындайтын қауіптілікті
байқамай оны бағаламауы мүмкін. Бөгде
адамдар, балалар және жануарлар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
Аккумуляторды қараусыз қалдырмаңыз.
Аккумулятор құрылғы балалардан алыс
болғанына көз жеткізу керек.
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор белгілі бір
қоршаған ортаға әсер етсе, ол жануы,
жарылуы немесе қалпына
келтірілмейтіндей зақымдалуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Аккумуляторды қызудан және
оттан қорғаңыз.
Аккумуляторды отқа тастамаңыз.
Батареяны белгіленген температура
шектерінен тыс зарядтамаңыз,
пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз,
18.5.
Аккумуляторды жаңбырдың,
ылғалдың әсерінен қорғаңыз және
сұйықтыққа батырмаңыз.
Аккумуляторды кішкентай металл
бөліктерден алшақ ұстаңыз.
Аккумуляторды жоғары қысымға
ұшыратпаңыз.
Аккумуляторды қысқа толқындардың
әсеріне ұшыратпаңыз.
Аккумуляторды химикаттар мен
тұздардан қорғаңыз.
4.5.3 Зарядтау құрылғысы
Сақтандыру
Бөтен адамдар, балалар қуаттағыш пен
электр тогының қауіптілігін түсінбеуі және
оған мән бермеуі мүмкін. Бөтен адамдар,
балалар және жануарлар ауыр жарақат
алуы немесе өлуі мүмкін.
Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
Қуаттағыш балалардан
алыс болғанына көз жеткізу
керек.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
6 0458-008-9701-A
Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын
кезінде немесе ылғал ортада жұмыс жасау
электр тогына соғылуға әкеліп соғуы
мүмкін. Пайдаланушы айтарлықтай жарақат
алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
Жаңбырлы күні және ылғалды
ортада жұмыс істемеңіз.
Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер қуаттағыш қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне
ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты жабық әрі құрғақ
орынжайда қолданыңыз.
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және
жарылу қаупі бар орталарда қолданбау
керек.
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
Қуаттағышты белгіленген температура
шектерінен тыс пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз, 18.5.
Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы, ал
қуаттағыш – бұзылуы мүмкін.
Байланыстырушы сымды еденге тегіс
күйде қойыңыз.
4.6 Қауіпсіз күй
4.6.1 Ауа үрлегіш құрылғы
Егер келесі шарттар сақталса, ауа үрлегіш
құрылғы қауіпсіз күйде болады:
Ауа үрлегіш құрылғы зақымдалмаған.
Ауа үрлегіш құрылғы құрғақ және таза.
Пайдалану элементтері жұмыс істеп тұр
және ешқандай өзгеріске ұшырамады.
Ауа үрлегіш құрылғыда түпнұсқалы STIHL
құрал-жабдықтар орнатылған.
Құрал-жабдықтар дұрыс орнатылған.
Сақтандыру
Қауіпсіз емес күйде толықтырушы
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік қондырғысының күші әрекет
етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Зақымдалмаған ауа үрлегіш құрылғымен
жұмыс істеңіз.
Егер ауа үрлегіш құрылғы кір немесе
ылғалды болса: ауа үрлегіш құрылғыны
тазартыңыз және кептіріңіз.
Ауа үрлегіш құрылғыны өзгертпеңіз.
Айрықша жағдайлар: осы ауа үрлегіш
құрылғысына арналған лайықты
саптамаларды орнату.
Егер басқару элементтері жұмыс
істемесе: ауа үрлегіш құрылғымен жұмыс
істемеңіз.
Осы ауа үрлегіш құрылғыға STIHL
компаниясының түпнұсқа бөлшектерін
орнатыңыз.
Құрал-жабдықтарды сипаттамаға сәйкес
орнату қажет, ол осы пайдалану
нұсқаулығында немесе осындай керек-
жарақтарға арналған пайдалану
нұсқаулығында бар.
Заттарды ауа үрлегіш құрылғының
тесіктеріне тықпаңыз.
Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL компаниясының
мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
4.6.2 Аккумулятор
Егер мына шарттар сақталса, аккумулятор
қауіпсіз күйде болады:
Аккумулятор зақымдалмаған.
Аккумулятор құрғақ және таза.
Аккумулятор жұмыс істейді және
өзгермеген.
Сақтандыру
Егер аккумулятор қауіпті күйде болса, ол
бұдан әрі дұрыс жұмыс істей алмайды.
Адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін.
Зақымдалмаған және жарамды
аккумулятормен жұмыс істеңіз.
Зақымдалған немесе ақаулы
аккумуляторды қуаттамаңыз.
Егер аккумулятор кір болса:
аккумуляторды тазартыңыз және
кептіріңіз.
Егер аккумулятор ылғалды немесе
дымқыл болса: аккумуляторды кептіріңіз,
18.6.
Аккумуляторды өзгертпеңіз.
Аккумулятордың саңылауларына заттар
салмаңыз.
Аккумулятордың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
Аккумуляторды ашпаңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0458-008-9701-A 7
Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
Зақымдалған аккумулятордан сұйықтық
жылыстауы мүмкін. Егер сұйықтық теріге
немесе көзге тиіп кетсе, терінің немесе
көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Сұйықтықпен жанасудан аулақ болыңыз.
Егер теріге тиіп кетсе: зақымдалған
аумақтарды сабындап, судың көп
мөлшерімен жуыңыз.
Егер көзге тиіп кетсе: көзіңізді кемінде
15 минут бойы судың көп мөлшерімен
шайыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
Зақымдалған немесе жарамсыз
аккумулятор жағымсыз иіс шығаруы,
түтіндеуі немесе жануы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Егер аккумулятор әдеттен тыс иіс
шығарса немесе түтіндесе:
аккумуляторды пайдаланбаңыз және оны
тұтанатын материалдардан алшақ
ұстаңыз.
Егер аккумулятор жанса: аккумуляторды
өрт сөндіргішпен немесе сумен сөндіріп
көріңіз.
4.6.3 Қуаттағыш
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш
қауіпсіз күйде болады:
Қуаттағыш жарамды.
Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
Қауіпсіз емес күйде толықтырушы
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік қондырғысының күші әрекет
етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды
болса: Қуаттағышты тазартыңыз және
кептіріңіз.
Қуаттағышты өзгертпеңіз.
Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне
тықпаңыз.
Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
Қуаттағышты ашпаңыз.
4.7 Жұмыс
Сақтандыру
Пайдаланушы белгіленген жағдайларда
жұмысқа шоғырлана алмайды.
Пайдаланушы сүрініп кетуі, құлауы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
Жұмысты байыпты және тиянақты түрде
атқарыңыз.
Егер жарықтандыру шарттары және
көріну дәрежесі нашар болса: ауа
үрлегіш құрылғымен жұмыс істемеңіз.
Ауа үрлегіш құрылғымен жалғыз жұмыс
істеңіз.
Иық деңгейінен жоғары жерде жұмыс
атқармаңыз.
Кедергілерден сақ болыңыз.
Еденде тұрып жұмыс істеңіз және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Егер биіктікте жұмыс
істеу керек болса: көтерілетін жұмыс
алаңын немесе қауіпсіз ағаштарды
пайдаланыңыз.
Шаршағандық белгілері болса: жұмыста
үзіліс жасаңыз.
Желге қарай үрлеңіз.
Жұмыс істеген кезде заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар мен жануарлар жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Адамдарға, жануарларға және
заттарға қарай үрлемеңіз.
Егер ауа үрлегіш құрылғы жұмыс істеген
кезде өзгерсе немесе әдеттен тыс болса,
ауа үрлегіш құрылғы қауіпті күйде болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін
аккумуляторды шығарып алыңыз және
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
Жұмыс істеген кезде ауа үрлегіш
құрылғыдан дірілдер туындауы мүмкін.
Жұмыс уақытында үзіліс жасаңыз.
Егер қан айналымының бұзылуының
белгілері білінсе: дәрігерге қаралыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғы шаңды үрлеген кезде
электростатикалық заряд алуы мүмкін.
Қоршаған ортаның белгілі бір
жағдайларында (мысалы, құрғақ ортада)
ауа үрлегіш құрылғы кенеттен разрядталып,
ұшқындар пайда болуы мүмкін. Ұшқындар
жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі бар
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
8 0458-008-9701-A
орталарда өртену және жарылу себебі
болуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі бар
орталарда жұмыс істемеу керек.
4.8 Қуаттау
Сақтандыру
Қуаттау барысында жарамсыз немесе
зақымдалған қуаттағыш әдеттен тыс иіс
шығаруы немесе түтіндеуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
Қуаттағыш жылудың жеткіліксіз дәрежеде
бұрылмауынан қызып кетіп, өртену себебі
болуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты бүркемеңіз.
4.9 Электр желісіне қосу
Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу келесі
себептерге орай туындауы мүмкін:
Біріктіруші сым немесе ұзартатын сым
бұзылған.
Біріктіруші сым немесе ұзартатын сымының
штепсельді айыры зақымдалмаған.
Розетка дұрыс орнатылмаған.
Қауіп
Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу токтың
соғуына себеп болуы мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
мүмкін.
Біріктіруші сым, ұзартатын сым мен
штепсельді айырдың бұзылмағанына көз
жеткізіңіз.
Егер біріктіруші сым немесе
ұзартатын сым бұзылған болса:
Зақымданған учаскеге тиіп
кетпеңіз.
Қуат ашасын розеткадан
суырыңыз.
Біріктіруші сым, ұзартатын сыммен және
желілік істікшемен жұмыс істегенде сіздің
қолыңыз құрғақ болуы тиіс.
Байланыстырушы сымның немесе
ұзартқыш сымның желілік істікшесін
дұрыс орнатылған және жерге тұйықтау
түйіспесі бар розетка ұясына қосыңыз.
Қуаттағышты дифференциалды
қорғаныстың автоматты сөндіргіші
(30 мА, 30 мс) арқылы қосыңыз.
Зақымдалған немесе жарамсыз ұзартқыш
сым электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы мүмкін.
Қимасы дұрыс болып табылатын
ұзартқыш сымды қолданыңыз, 18.4.
Сақтандыру
Қуаттау барысында дұрыс емес болған
желінің кернеуі немесе дұрыс емес болған
желінің жиілігі қуаттағыштың артық
жүктемесіне себеп болуы мүмкін.
Қуаттағыш бұзылуы мүмкін.
Желінің кернеуі мен электр желісінің
жиілігі қуаттағыштың паспорттық
деректері бар фирмалық тақтайшасына
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер зарядтау құрылғысы желілік розеткаға
қосылған болса, қуаттау кезінде электрлік
сымдарға артық жүктеме түсуі мүмкін.
Электрлік құрамдастар қызып кетіп, тұтану
себебі болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақаттар алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Желілік розеткадағы қуат сипаттамалары
зарядтау құрылғысының және желілік
розеткаға қосылған барлық электр
құрылғыларының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген
сипаттамалардан аспайтындығына көз
жеткізіңіз.
Дұрыс өткізілмеген байланыстырушы сым
және ұзартқыш сым зақымдалуы және оған
адамдар сүрініп қалуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы, ал байланыстырушы сым
немесе ұзартқыш сым – зақымдалуы
мүмкін.
Біроіктіруші сымды және ұзартқыш
сымды адамдар оған сүрінбейтіндей етіп
өткізіңіз және белгілеңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
созылмайтындай және шатаспайтындай
етіп өткізіңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
зақымданбайтындай, қысылмайтындай
немесе қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
жылудан, май мен химиялық заттардың
түсуінен қорғаңыз.
Біріктіруші сым мен ұзартқыш сымды
құрғақ жерде өткізіңіз.
Ұзартқыш сым жұмыс жасау кезінде қызып
кетеді. Жылуды бұру мүмкін болмаса,
тұтану орын алуы мүмкін.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0458-008-9701-A 9
Кабель орауышы қолданылатын болса:
кабель орауышын толығымен
тарқатыңыз.
Егер қабырға арқылы электр сымы және
құбырлар өтсе, олар қабырғаға
қуаттағышты орнатқан кезде зақымдалуы
мүмкін. Электр өткізгіш байланысы электр
тогымен зақымдауға әкеліп соғуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Болжамды қондырғының орнында
ешқандай құбырлардың өтпейтіндігіне
немесе электр сымдарының жоқтығына
көз жеткізіңіз.
Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға осы
қолдану нұсқаулығында сипатталғанға
сәйкес құрастырылса, онда зарядтау
құрылғысы немесе аккумулятор құлап кетуі
мүмкін немесе зарядтау құрылғысы тым
ысып кетуі мүмкін. Адамдар жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Зарядтау құрылғысын осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай етіп,
қабырғаға орнатыңыз.
Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға
кіріктірме аккумуляторымен бірге
орнатылатын болса, аккумулятор зарядтау
құрылғысынан түсіп қалуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
Алдымен зарядтау құрылғысын
қабырғаға орнатыңыз, сосын
аккумуляторды енгізіңіз.
4.10 Тасымалдау
4.10.1 Ауа үрлегіш
Сақтандыру
Ауа үрлегішті тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге ауа үрлегішті
төңкерілмейтін және жылжымайтын
болатындай бекіту керек.
4.10.2 Аккумулятор
Сақтандыру
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор бұзылуы және бүлінуі
мүмкін.
Жарамсыз аккумуляторды
тасымалдамаңыз.
Аккумуляторды тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Аккумуляторды қаптамаға салғанда, ол
жылжымауы керек.
Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
4.10.3 Қуаттағыш
Сақтандыру
Қуаттағышты тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге қуаттағышты
төңкерілмейтін және жылжымайтын
болатындай бекіту керек.
Біріктіруші сым қуаттағышты тасымалдауға
арналмаған. Біріктіруші сым және
қуаттағыш жарамсыз болуы мүмкін.
Біріктіруші сымды тарқатыңыз және
қуаттағышқа қосыңыз.
4.11 Сақтау шарттары
4.11.1 Ауа үрлегіш
Сақтандыру
Балалар ауа үрлегіштің қауіптілігін түсінбеуі
және оған мән бермеуі мүмкін. Балалар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Ауа үрлегішті балалардан алшақ жерде
сақтаңыз.
Ауа үрлегіштегі электрлік түйіспелер мен
металлды толықтырушы бөлшектер
ылғалдың әсерінен тоттануы мүмкін. Ауа
үрлегіш бұзылуы мүмкін.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
10 0458-008-9701-A
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Ауа үрлегішті таза және құрғақ күйде
сақтаңыз.
4.11.2 Аккумулятор
Сақтандыру
Балалар аккумулятордың қауіптілігін
түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін.
Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
Аккумуляторды балалардан алшақ
жерде сақтаңыз.
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор жөнделмейтіндей
зақымдалуы мүмкін.
Аккумуляторды таза және құрғақ күйде
сақтаңыз.
Аккумуляторды жабық бөлмеде
сақтаңыз.
Аккумуляторды ауа үрлегіш құрылғыдан
алшақ ұстаңыз.
Егер аккумулятор зарядтау
құрылғысында сақталатын болса: қуат
ашасын ажыратып, аккумуляторды 40 %-
дан 60 %-ға дейінгі заряд күйінде
сақтаңыз (2 жасыл жарық диоды
жанады).
Аккумуляторды көрсетілген температура
шектерінен тыс сақтамаңыз, 18.5.
4.11.3 Зарядтау құрылғысы
Сақтандыру
Балалар қуаттағыштың қауіптілігін түсінбеуі
және оған мән бермеуі мүмкін. Балалар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
мүмкін.
Қуат ашасын суырыңыз.
Қуаттағышты балалардан алшақ жерде
сақтаңыз.
Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер қуаттағыш қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне
ұшырайтын болса, қуаттағыш бұзылуы
мүмкін.
Қуат ашасын суырыңыз.
Егер қуаттағыш жылы болса:
қуаттағышты суытыңыз.
Қуаттағышты таза және құрғақ күйде
сақтаңыз.
Қуаттағышты жабық орынжайда
сақтаңыз.
Қуаттағышты белгіленген температура
шектерінен тыс сақтамаңыз, 18.5.
Біріктіруші сым қуаттағышты тасымалдауға
және ілуге арналмаған. Біріктіруші сым
және қуаттағыш жарамсыз болуы мүмкін.
Қуаттағышты корпусынан алыңыз немесе
ұстаңыз. Қуаттағышты оңай көтеруге
арналған тұтқалар қуаттағыштың
жағында монтаждалған.
Қуаттағышты қабырғалық кронштейнге
іліңіз.
4.12 Тазалау, қызмет көрсету
және жөндеу
Сақтандыру
Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу кезінде аккумулятор
салынса, ауа үрлегіш құрылғы абайсызда
қосылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы және оларға материалдық нұқсан
келтірілуі мүмкін.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Агрессивті тазартқыш құралдарды қолдану,
су ағынымен немесе өткір заттармен
тазалау нәтижесінде ауа үрлегіш құрылғы,
аккумулятор және зарядтау құрылғысы
зақымдалуы мүмкін. Егер ауа үрлегіш
құрылғы, аккумулятор немесе зарядтау
құрылғысы осы қолдану нұсқаулығында
сипатталғандай тазартылмаса, құрамдас
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік құрылғылары істен шығуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
Ауа үрлегіш құрылғыны, аккумуляторды
және зарядтау құрылғысын осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай
тазалаңыз.
Егер ауа үрлегіш құрылғыға, аккумуляторға
және зарядтау құрылғысына пайдаланушы
дұрыс емес техникалық қызмет көрсеткен
немесе оларды жөндеген болса, құрамдас
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік құрылғылары істен шығуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Ауа үрлегіш құрылғыға, аккумуляторға
және зарядтау құрылғысына өз бетінше
техникалық қызмет көрсетпеңіз немесе
оларды жөндемеңіз.
Егер ауа үрлегіш құрылғыға,
аккумуляторға немесе зарядтау
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0458-008-9701-A 11
құрылғысына техникалық қызмет көрсету
немесе оларды жөндеу қажет болса:
STIHL мамандандырылған кәсіпорнына
жүгініңіз.
5 Ауа үрлегішті
пайдалануға дайындалу
5.1 Ауа үрлегіш құрылғыны
пайдалануға дайындау
Жұмыстарды бастамас бұрын келесі
қадамдарды орындау керек:
Келесі толықтырушы бөлшектер қауіпсіз
күйде екеніне көз жеткізіңіз:
Ауа үрлегіш құрылғы, 4.6.1.
Аккумулятор, 4.6.2.
Қуаттағыш, 4.6.3.
Аккумуляторды тексеріңіз, 10.2.
Аккумуляторды толығымен қуаттаңыз,
6.2.
Ауа үрлегіш құрылғыны тазарту, 15.1.
Саптаманы орнатыңыз, 7.1.
Басқару элементтерін тексеріңіз, 10.1.
Егер келесі қадамдарды орындау мүмкін
болмаса: ауа үрлегіш құрылғыны
қолданбаңыз және STIHL
мамандандырылған дилеріне
хабарласыңыз.
6 Аккумуляторды қуаттау
және жарық диодтары
6.1 Зарядтау құрылғысын
қабырғаға орнату
Зарядтау құрылғысын қабырғаға орнатуға
болады.
d
a
12
a
e
e
b
3
0000099636_001
Зарядтау құрылғысын
қабырғаға келесі шарттар
орындалатындай етіп
орнатыңыз:
Тиісті бекіткіш материал қолданылуы тиіс.
Зарядтау құрылғысы көлденеңінен
орналасқан.
Төмендегі өлшемдер сақталған:
a = кемінде 100 мм
b (AL 101 үшін) = 75 мм
b (AL 301 үшін) = 100 мм
b (AL 500 үшін) = 120 мм
c = 4,5 мм
d = 9 мм
e = 2,5 мм
6.2 Аккумуляторды зарядтау
Қуаттау уақыты әртүрлі факторларға,
мысалы, аккумулятордың температурасына
немесе қоршаған ауаның температурасына
байланысты болады. Оңтайлы жұмыс істеу
үшін ұсынылған температура диапазондарын
сақтаңыз, 18.6. Аккумуляторды қуаттаудың
нақты уақыты көрсетілген қуаттау уақытынан
ерекшеленуі мүмкін. Қуаттау уақыты төменде
www.stihl.com/charging-times көрсетілген.
Егер штепсельді айыр
розеткаға қосылса және
аккумулятор қуаттағышқа
орнатылса, қуаттау автоматты
түрде басталады. Аккумулятор
толығымен қуатталған кезде,
қуаттағыш автоматты түрде
сөнеді.
Қуаттау барысында аккумулятор мен
қуаттағыш қызады.
7
6
5
3
2
4
1
0000-GXX-0628-A0
Қуат ашасын (6) бос розеткаға (7) салыңыз.
Қуаттағыш (3) өз-өзін диагностикадан
өткізеді. Жарық диодтары (4) шамамен 1
секунд бойы жасыл түспен және 1 секунд
бойы қызыл түспен жанады.
Біріктіруші сымды (5) салыңыз.
қазақ 5 Ауа үрлегішті пайдалануға дайындалу
12 0458-008-9701-A
Аккумуляторды (2) қуаттағыштың (3)
саңылауларына енгізіп, тірелгенге дейін
басыңыз.
Жарық диоды (4) жасыл түспен жанады.
Жарық диодтар (1) жасыл түсімен жанады
және аккумулятор (2) зарядталады.
Егер жарықдиод (4) және жарықдиодтар (1)
енді жанбайтын болса: аккумулятор (2)
толық зарядталған және қуаттағыштан (3)
толығымен алып шығарылуы мүмкін.
Егер зарядтау құрылғысы (3) бұдан былай
пайдаланылмайтын болса: қуат ашасын (6)
розеткадан (7) суырыңыз.
6.3 Қуаттау күйін көрсету
1
0000-GXX-0629-A0
20-40%
40-60%
60-80%
80-100%
0-20%
Түймені (1) басыңыз.
Жарық диодтары шамамен 5 секунд бойы
жасыл түспен жанады және қуат күйін
көрсетеді.
Егер оң жақ жарық диоды жасыл түспен
жыпылықтаса: Аккумуляторды қуаттаңыз.
6.4 Аккумулятордағы жарық
диодтары
Жарық диодтары аккумулятор қуатының және
қателіктердің деңгейін көрсете алады. Жарық
диодтары жасыл немесе қызыл түспен жануы
немесе жыпылықтауы мүмкін.
Егер жарық диодтары жасыл түспен жанса
немесе жыпылықтаса, қуаттың қалпы көрінеді.
Егер жарық диодтары қызыл түспен жанса
немесе жыпылықтаса: Ақаулықтарды кетіру,
17.1.
Ауа үрлегіште немесе аккумуляторда
бұзылушылық бар.
6.5 Қуаттағыштағы жарық диоды
Жарық диоды қуаттағыштың күйін көрсетеді.
Егер жарық диоды жасыл түспен жанса,
аккумулятор қуат алуда.
Егер жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтаса: Ақаулықтарды кетіру.
Аккумулятор не қуаттағыш жарамды емес.
7 Ауа үрлегішті құрау
7.1 Саптаманы монтаждау,
реттеу және бөлшектеу
Саптама пайдаланушының бойына қарай,
айдау құбырына 3 күйде орнатылуы мүмкін.
Күйлер айдау құбырында белгіленген.
Ауа үрлегіш құрылғыны өшіріңіз және
аккумуляторды шығарып алыңыз.
23
1
0000099079_001
Бекіткіш иінтіректі (1) басып, ұстап тұрыңыз.
Қондырманы (3) айдама құбырда (2)
қалаулы күйде бұрап қойыңыз.
Бекіткіш иінтіректі (1) босатыңыз.
Саптаманы (3), бекіткіш иінтірек (1)
тірелгенше жылжытыңыз.
8 Аккумуляторды салу
және алу
8.1 Аккумуляторды салыңыз
2
3
1
0000-GXX-0621-A0
«Сарт» еткен дыбыс естілмейінше,
аккумуляторды (1) аккумулятор шахтасына
(2) қысып тұрыңыз.
Аккумулятордағы (1) нұсқарлар (3) әлі де
болса көрінеді және аккумулятор (1)
аккумулятор шахтасында (2) бекітілген. Ауа
үрлегіш пен аккумулятор (1) арасында
электрлік түйіспе жоқ.
Аккумуляторды (1) «сарт» еткен дыбыс
естілмейінге аккумулятор шахтасына (2)
салыңыз.
Аккумулятор (1) екінші рет «сарт» еткен
дыбыс естілгенде бекітіледі және ауа
үрлегіштің корпусымен тегіс жабылады.
7 Ауа үрлегішті құрау қазақ
0458-008-9701-A 13
8.2 Аккумуляторды алып тастау
Ауа үрлегіш құрылғыны тегіс бетке
қойыңыз.
Аккумулятор (2) құлап қалмауы үшін,
аккумуляторлық бөлікті ұстап тұрыңыз.
1
2
0000099080_001
Тоқтатқыш иінтіректі (1) екінші қолмен
басыңыз.
Аккумулятор (2) босатылды және алып
шығарылуы мүмкін.
9 Ауа үрлегішті қосу және
сөндіру
9.1 Ауа үрлегіш құрылғыны қосу
Ауа үрлегіш құрылғыны қолыңызбен
басқару тұтқышынан ұстағанда, бас бармақ
басқару тұтқышын қамтуы тиіс.
1
3
2
0000-GXX-9903-A0
Бас бармақтың көмегімен бұғаттан бұғаттан
босату сырғағын (1) айдау құбырына қарай
жылжытып, осы күйде ұстап тұрыңыз.
Ауыстырып қосқыш иінтіректі (2) бас
бармақпен басып тұрыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғы үдейді де, ауа
саптама арқылы келіп түседі. Бұғаттан
босату сырғағы (1) бастапқы қалыпқа қайта
келуі мүмкін.
Қайта қосқыш иінтірек (2) неғұрлым ұзақ
басылып тұрса, қондырмадан соғұрлым көп
ауа шығарылады.
Егер эргономикалық-иінтірек (3) басулы
болғанда, қайта қосқыш иінтірек (2) бұғаттан
босатылған күйде тұрады. Бұл қайта қосқыш
иінтіректі, бұғаттан босату сырғағын айдау
құбырына қарай қайтадан басу қажетінсіз,
босатуға және қайтадан басуға мүмкіндік
береді.
Қайта қосқыш иінтіректі (2) және
эргономикалық-иінтіректі (3) босатылған кезде
қайта қосқыш иінтірек (2) бұғатталады. Қайта
қосқыш иінтіректі (2) бұғаттан шығару үшін
бұғаттан босату сырғағын (1) айдау құбырына
қарай қайтадан басып, ұстап тұру керек.
9.2 Ауа үрлегішті сөндіріңіз
Қайта қосқыш иінтіректі жіберіңіз.
Ауа енді қондырмадан келмейді.
Егер ауа қондырмадан әлі де шыға берсе:
Аккумуляторды алып шығарыңыз және
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
Ауа үрлегіш жарамды емес.
10 Ауа үрлегішті мен
аккумуляторды тексеріңіз
10.1 Басқару элементтерін
тексеру
Бұғаттан шығару жылжымасы, эргономикалық
иінтірек және ауыстырып-қосу иінтірегі
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Бұғаттан шығару жылжымасын
қатыстырмастан, ауыстырып-қосу
иінтірегіне басуға тырысыңыз.
Егер қайта қосқыш иінтірек басылса: ауа
үрлегіш құрылғыны қолданбаңыз және
STIHL мамандандырылған кәсіпорнына
хабарласыңыз.
Бұғаттан босату сырғағы ақаулы.
Бас бармақтың көмегімен бұғаттан босату
сырғағын айдау құбырына қарай
жылжытып, осы күйде ұстап тұрыңыз.
Эргономикалық иінтіректі басып, ұстап
тұрыңыз.
Қайта қосқыш иінтіректі басыңыз.
Бұғаттан босату сырғағы бастапқы қалыпқа
қайта келуі мүмкін.
Қайта қосқыш иінтіректі және
эргономикалық иінтіректі жіберіңіз.
Егер бұғаттан босату сырғағы, қайта
қосқыш иінтірек немесе эргономикалық
иінтірек қысылып қозғалса немесе бастапқы
күйге оралмаса: ауа үрлегіш құрылғыны
қолданбай, STIHL мамандандырылған
кәсіпорнына хабарласыңыз.
Бұғаттан босату сырғағы, қайта қосқыш
иінтірек немесе эргономикалық иінтірек
ақаулы.
қазақ 9 Ауа үрлегішті қосу және сөндіру
14 0458-008-9701-A
Ауа үрлегіш құрылғыны қосу
Аккумуляторды салыңыз.
Бұғаттан босату сырғағын айдау құбырына
қарай жылжытып, осы күйде ұстап тұрыңыз.
Қайта қосқыш иінтіректі басып тұрыңыз.
Ауа саптамадан шығады.
Егер 3 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтаса: аккумуляторды алып
шығарыңыз және STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
Ауа үрлегіш құрылғыда ақау бар.
Қайта қосқыш иінтіректі жіберіңіз.
Ауа енді саптамадан шықпайды.
Егер ауа саптамадан сонда да шыға берсе:
аккумуляторды шығарып алыңыз және
STIHL мамандандырылған кәсіпорнына
жүгініңіз.
Ауа үрлегіш құрылғы ақаулы.
10.2 Аккумуляторды тексеріңіз
Аккумулятордағы түймені басыңыз.
Жарық диодтары жанады немесе
жыпылықтайды.
Егер жарық диодтары жанбаса немесе
жыпылықтамаса: Аккумуляторды
қолданбаңыз және STIHL компаниясының
мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
Аккумулятордың ақаулығы бар.
11 Ауа үрлегішпен жұмыс
істеңіз.
11.1 Ауа үрлегіш құрылғыны қалай
ұстау және қалай жүргізу
қажет
0000099081_001
Ауа үрлегіш құрылғыны арқаңызда
тасыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны қолыңызбен
басқару тұтқасынан ұстағанда және оны
басқарғанда, бас бармақ басқару тұтқасын
қамтуы тиіс.
11.2 Үрлеу
0000099082_001
Саптаманы жерге бағыттаңыз.
Алға қарай баяу және сақ түрде жүріңіз.
Оңтайлы жұмыс істеу үшін ұсынылған
температура диапазондарын сақтаңыз,
18.6.
12 Жұмыс аяқталғаннан
кейін
12.1 Жұмыс аяқталғаннан кейін
Ауа үрлегіш құрылғыны өшіріңіз және
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Егер ауа үрлегіш құрылғы ылғалды болса:
ауа үрлегіш құрылғыны кептіріңіз.
Егер аккумулятор ылғалды немесе дымқыл
болса: аккумуляторды кептіріңіз, 18.6.
Ауа үрлегіш құрылғыны тазартыңыз.
Аккумуляторды тазарту.
13 Тасымалдау
13.1 Ауа үрлегіш құрылғыны
тасымалдау
Ауа үрлегіш құрылғыны өшіріңіз және
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны тасу
Ауа үрлегіш құрылғыны жетектің сабынан
ұстап тасыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны көлік құралымен
тасымалдау
Ауа үрлегіштің төңкерілмейтіндігіне және
жылжымайтындығына көз жеткізу үшін ауа
үрлегішті бекітіңіз.
13.2 Аккумуляторды тасымалдау
Ауа үрлегіш құрылғыны өшіріңіз және
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Аккумулятор қауіпсіз күйде екеніне көз
жеткізіңіз.
Аккумуляторды қаптамада
жылжымайтындай етіп салыңыз.
Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
11 Ауа үрлегішпен жұмыс істеңіз. қазақ
0458-008-9701-A 15
Аккумулятор қауіпті жүктерді тасымалдауға
ұсынылатын талаптарға сәйкес келеді.
Аккумулятор UN 3480 (литий-иондар
батареялары) дәрежесіне жатады және БҰҰ
сынақтары мен белгілері жөніндегі Нұсқаудың
ІІІ бөлімі, 38.3-бөлікшесіне сәйкес сынақтан
өтті.
Тасымалдау ережелері төменде
www.stihl.com/safety-data-sheets көрсетілген.
13.3 Қуаттағыштын тасымалдау
Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Біріктіруші сымды тарқатыңыз және
қуаттағышқа қосыңыз.
Егер қуаттағыш көлік құралымен
тасымалданса: бекіту белбеуімен,
белдігімен немесе торқапшығымен бірге
қуаттағышты төңкерілмейтін және
жылжымайтын болатындай бекіту керек.
14 Сақтау шарттары
14.1 Ауа үрлегішті сақтау
Ауа үрлегішті өшіріңіз және аккумуляторды
алыңыз.
Ауа үрлегішті келесі шарттар
орындалатындай етіп сақтаңыз:
Ауа үрлегіш балалардан алшақ жерде
орналасқан.
Ауа үрлегіш құрғақ және таза.
14.2 Аккумуляторды сақтау
STIHL компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % (2 жасыл жарық диоды жанады)
арасындағы қуат деңгейіне ие аккумуляторды
сақтаған жөн.
Аккумуляторды келесі шарттар
орындалатындай етіп сақтаңыз:
Аккумулятор балалардан алшақ жерде
орналасқан.
Аккумулятор құрғақ және таза.
Аккумулятор жабық бөлмеде орналасқан.
Аккумулятор ауа үрлегіш құрылғыдан
ажыратылған.
Егер аккумулятор зарядтау
құрылғысында сақталатын болса: қуат
ашасын ажыратып, аккумуляторды 40 %-
дан 60 %-ға дейінгі заряд күйінде
сақтаңыз (2 жасыл жарық диоды
жанады).
Аккумулятор көрсетілген температура
шектерінен тыс сақталмайды, 18.5.
Нұсқау
Егер аккумулятор осы нұсқаулықта
сипатталғандай сақталмаса,
аккумулятордың заряды әбден таусылуы
және қалпына келтірілмейтіндей
зақымдалуы мүмкін.
Сақтау алдында заряды таусылған
батареяны зарядтаңыз. STIHL
компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % (2 жасыл жарық диоды жанады)
арасындағы қуат деңгейінде сақтауға
кеңес береді.
Аккумуляторды ауа үрлегіш құрылғыдан
алшақ ұстаңыз.
14.3 Зарядтау құрылғысын сақтау
Қуат ашасын розеткадан суырыңыз.
2
1
0000-GXX-0592-A1
3
Байланыстырушы сымды тарқатып,
зарядтау құрылғысына қосыңыз.
Зарядтау құрылғысын келесі шарттар
орындалатындай етіп сақтаңыз:
Зарядтау құрылғысы балалардан алшақ
жерде орналасқан.
Зарядтау құрылғысы құрғақ және таза.
Зарядтау құрылғысы жабық бөлмеде
орналасқан.
Зарядтау құрылғысы байланыстырушы
сымға немесе байланыстырушы сымның
(3) ұстағышына ілінбеген.
Зарядтау құрылғысы көрсетілген
температуралық шектерден тыс
сақталмайды, 18.5.
15 Тазарту
15.1 Ауа үрлегіш құрылғыны
тазарту
Ауа үрлегіш құрылғыны өшіріңіз және
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны ылғалды
шүберекпен тазартыңыз.
Желдеткіш саңылау тесіктерін қылшақпен
тазалаңыз.
қазақ 14 Сақтау шарттары
16 0458-008-9701-A
Қорғаныш торын шағын жаққышпен немесе
жұмсақ қылшақпен тазарту керек.
Аккумулятор бөлігінен қоқымды кетіріңіз
және аккумулятор бөлігін ылғалды
шүберекпен тазартыңыз.
Аккумулятор бөлігінің электрлік түйіспелерін
шағын қылшақпен немесе жұмсақ щеткамен
тазалаңыз.
15.2 Аккумуляторды тазарту
Аккумуляторды ылғалды шүберекпен
тазартыңыз.
15.3 Зарядтау құрылғысын
тазарту
Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
Қуаттағышты ылғалды шүберекпен
тазартыңыз.
Желдеткіш саңылау тесіктерін қылшақпен
тазалаңыз.
Зарядтау құрылғысының электрлік
түйіспелерін шағын қылшақпен немесе
жұмсақ қылшақпен тазарту керек.
16 Қызмет көрсету және
жөндеу
16.1 Ауа үрлегішке қызмет көрсету
және оны жөндеу
Пайдаланушы ауа үрлегішке өзі қызмет
көрсетіп, оны өзі жөндей алмайды.
Егер ауа үрлегішке қызмет көрсетілуі тиіс
болса немесе ол жарамсыз не ақаулы
болса: STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
16.2 Аккумуляторға қызмет
көрсету және оны жөндеу
Аккумуляторға қызмет көрсетілуі және оның
жөнделуі мүмкін емес.
Егер аккумулятор жарамсыз немесе
бұзылған болса: Аккумуляторды ауыстыру.
16.3 Қуаттағышқа қызмет көрсету
және оны жөндеу
Қуаттағышқа қызмет көрсетілуі және оның
жөнделуі мүмкін емес.
Егер қуаттағыш жарамсыз
немесе бұзылған болса:
Қуаттағышты ауыстыру.
Егер біріктіруші сым
жарамсыз немесе бұзылған
болса: Қуаттағышты
пайдаланбаңыз және
сымның ауыстырылуын
STIHL мамандандырылған
дилерінің жасауын
қамтамасыз етіңіз.
17 Ақаулықтарды кетіру
17.1 Ауа үрлегіш құрылғының немесе аккумулятордың ақаулықтарын жою
Ақаулық Аккумуляторд
ағы жарық
диодтары
Себебі Жою тәсілдері
Ауа үрлегіш
қосу кезінде
қосылмайды.
1 жарық
диоды жасыл
түспен
жыпылықтайд
ы.
Аккумулятор
қуатының деңгейі
тым төмен.
Аккумуляторды қуаттаңыз.
1 жарық
диоды қызыл
түспен
жанады.
Аккумулятор тым
ыстық немесе суық. Аккумуляторды алып тастаңыз.
Аккумуляторды суытыңыз немесе
қыздырыңыз.
3 жарық
диоды қызыл
түспен
жыпылықтайд
ы.
Ауа үрлегіш
құрылғыда ақау бар. Аккумуляторды алып тастаңыз.
Аккумулятор бөлігіндегі электрлік
түйіспелерді тазартыңыз.
Аккумуляторды салыңыз.
Ауа үрлегішті қосу.
16 Қызмет көрсету және жөндеу қазақ
0458-008-9701-A 17
Ақаулық Аккумуляторд
ағы жарық
диодтары
Себебі Жою тәсілдері
Егер 3 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтаса: ауа үрлегіш құрылғыны
қолданбаңыз және STIHL
компаниясының мамандандырылған
сату орталығына хабарласыңыз.
3 жарық
диоды қызыл
түспен
жанады.
Ауа үрлегіш тым
ыстық. Аккумуляторды алып тастаңыз.
Ауа үрлегішті суыту.
4 жарық
диоды қызыл
түспен
жыпылықтайд
ы.
Аккумулятордың
ақаулығы бар. Аккумуляторды алып шығарып,
қайтадан орнына салыңыз.
Ауа үрлегішті қосу.
Егер 4 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтаса: аккумуляторды
қолданбаңыз және STIHL
компаниясының мамандандырылған
сату орталығына хабарласыңыз.
Ауа үрлегіш пен
аккумулятордың
арасында электрлік
қосылым үзілді.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Аккумулятор бөлігіндегі электрлік
түйіспелерді тазартыңыз.
Аккумуляторды салыңыз.
Ауа үрлегіш немесе
аккумулятор
ылғалды.
Ауа үрлегішті немесе аккумуляторды
кептіріңіз, 18.6.
Ауа үрлегіш
жұмыс
барысында
сөнеді.
3 жарық
диоды қызыл
түспен
жанады.
Ауа үрлегіш тым
ыстық. Аккумуляторды алып тастаңыз.
Ауа үрлегішті суыту.
Электрлік ақаулығы
жоқ. Аккумуляторды алып шығарып,
қайтадан орнына салыңыз.
Ауа үрлегішті қосу.
Ауа үрлегіштің
жұмыс уақыты
қысқа.
Аккумулятор
толығымен
қуатталмаған.
Аккумуляторды толығымен қуаттаңыз.
Аккумулятордың
қызмет ету мерзімі
асып кеткен.
Аккумуляторды ауыстыру.
Аккумуляторды
зарядтау
құрылғысына
салғаннан кейін,
қуаттау үдерісі
басталмайды.
1 жарық
диоды қызыл
түспен
жанады.
Аккумулятор тым
ыстық немесе суық. Аккумуляторды зарядтағышта
қалдырыңыз.
Қуаттау рұқсат етілген температураға
жеткеннен кейін автоматты түрде
басталады.
17.2 Зарядтау құрылғысының ақауларын жою
Ақаулық Қуаттағыштағ
ы жарық
диоды
Себебі Жою тәсілдері
Аккумулятор
зарядталмайды. Жарық диоды
қызыл түспен
жыпылықтайд
ы.
Қуаттағыш пен
аккумулятордың
арасында электрлік
қосылым үзілді.
Аккумуляторды алып тастаңыз.
Қуаттағыштағы электрлік түйіспелерді
тазартыңыз.
Аккумуляторды салыңыз.
қазақ 17 Ақаулықтарды кетіру
18 0458-008-9701-A
Ақаулық Қуаттағыштағ
ы жарық
диоды
Себебі Жою тәсілдері
Аккумулятор не
қуаттағыш жарамды
емес.
Қуаттағышты қолданбаңыз және
STIHL компаниясының
мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
18 Техникалық
сипаттамалар
18.1 STIHL BGA 60 ауа үрлегіш
құрылғысы
Сай келетін аккумулятор: STIHL AK
Үрлеу күші: 15 Н
Ауаның максималды жылдамдығы: 69 м/с
Орташа ауа жылдамдығы: 58 м/с
Ауа ағыны: 780 м³/сағ
Аккумуляторсыз салмағы: 2,3 кг
Жұмыс уақыты www.stihl.com/battery-life веб-
мекенжайы бойынша көрсетілген.
18.2 STIHL AK аккумуляторы
Аккумулятор технологиясы: литий-ионды
Кернеу: 36 В
А*сағ түріндегі сыйымдылық: зауыттық
тақтайшаны қараңыз
Вт*сағ түріндегі энергия мөлшері: зауыттық
тақтайшаны қараңыз
Кг түріндегі салмағы: зауыттық тақтайшаны
қараңыз
18.3 STIHL AL 101 қуаттағышы
Номиналды кернеу: паспорттық деректері
бар фирмалық тақтайшаны қараңыз
Жиілігі: зауыттық тақтайшаны қараңыз
Номинал күші: паспорттық деректері бар
фирмалық тақтайшаны қараңыз
Қуаттау тогы: паспорттық деректері бар
фирмалық тақтайшаны қараңыз
Зарядтау уақыты www.stihl.com/charging-times
көрсетілген.
18.4 Ұзартатын сымдар
Ұзартатын сымды пайдаланған кезде
тарамдардың көлденең қимасының келесі
минималды көрсеткіштермен сәйкес келуін
қамтамасыз ету қажет, ұзартатын сымның
созылыңқылығы мен ұзындығына қарай:
Зауыттық тақтайшадағы атаулы кернеу 220 В
- 240 В болса:
Сымның ұзындығы 20 м-ге дейін: AWG
(Сымдардың Америкалық калибрі) 15 / 1,5
мм²
Сымның ұзындығы 20 м-ден 50 м-ге дейін:
AWG (Сымдардың Америкалық калибрі)
13 / 2,5 мм²
Зауыттық тақтайшадағы атаулы кернеу 100 В
- 127 В болса:
Сымның ұзындығы 10 м-ге дейін: AWG
(Сымдардың Америкалық калибрі) 14 / 2,0
мм²
Сымның ұзындығы 10 м-ден 30 м-ге дейін:
AWG (Сымдардың Америкалық калибрі)
12 / 3,5 мм²
18.5 Температура шектері
Сақтандыру
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор тұтануы немесе жарылуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Аккумуляторды - 20 °C-тан төмен және
+ 50 °C-тан жоғары температурада
зарядтамаңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны, аккумуляторды
немесе зарядтау құрылғысын - 20 °C-тан
төмен немесе + 50 °C-тан жоғары
температурада пайдаланбаңыз.
Ауа үрлегіш құрылғыны, аккумуляторды
немесе зарядтау құрылғысын - 20 °C-тан
төмен немесе + 70 °C-тан жоғары
температурада сақтамаңыз.
18.6 Ұсынылатын температура
диапазоны
Ауа үрлегіш құрылғының, аккумулятордың
және зарядтау құрылғысының оңтайлы жұмыс
істеуі үшін келесі температура
диапазондарын сақтаңыз:
Қуаттау: 5°C-тан 40°C-қа дейін
Қолдану: - 10°C-тан + 40 °C-қа дейін
Сақтау: - 20 °C-тан + 50 °C-қа дейін
Егер аккумулятор ұсынылған температура
диапазонынан тыс қуатталса, пайдаланылса
немесе сақталса, өнімділігі төмендеуі мүмкін.
18 Техникалық сипаттамалар қазақ
0458-008-9701-A 19
Егер аккумулятор дымқыл немесе ылғал
болса, оны + 15 °C-тан жоғары және + 50 °C-
тан төмен температурада және 70 %-дан
төмен ылғалдылықта кем дегенде 48 сағат
құрғатыңыз. Жоғары ылғалдылық құрғау
уақытын арттыруы мүмкін.
18.7 Шуыл мәндері және діріл
көрсеткіштері
К мәні дыбыс қысымның деңгейі үшін 2 дБ(А)
құрайды. К мәні дыбыс қуаттылығының
деңгейі үшін 2 дБ(А) құрайды. К мәні діріл
көрсеткішіне қатысты 2 м/сек² құрайды.
EN 50636‑2‑100 талаптарына сәйкес
өлшенген LpA дыбыс қысымының деңгейі:
76 дБ(А).
EN 50636‑2‑100 талаптарына сәйкес
өлшенген LwA дыбыс қуатының деңгейі:
89 дБ(А).
Ahv діріл көрсеткіші
EN 50636-2-100 талаптарына сәйкес
есептеледі, Басқару тұтқышы: 1,2 м/с².
Берілген діріл көрсеткіштері нормаланған
тексеріс процедурасына сәйкес есептелді
және электр құрылғыларын салыстыру үшін
қолданылуы мүмкін. Дірілдің іс жүзінде
туындайтын мәндері, қолдану түріне
байланысты, көрсетілген мәндерден өзгеше
бола алады. Дірілдің көрсетілген мәндері,
діріл жүктемесіне бірінші баға беру үшін
қолданыла алады. Іс жүзіндегі діріл
жүктемесіне баға берген жөн. Бұл ретте
электр құрылғысы сөндірілген уақыт және
электр құрылғысы қосылған, бірақ жүктемесіз
жұмыс істеген уақытта ескерілуі мүмкін.
Жұмыс берушінің директивасын орындау
жөніндегі ақпарат, 2002/44/EҚ тербелісі
төменде келтірілген www.stihl.com/vib
көрсетілген.
18.8 REACH
REACH дегеніміз химикаттарды тіркеуге,
бағалауға және жіберуге арналған ЕҚ
қаулысы дегенді білдіреді.
REACH қаулысын орындауға арналған
ақпарат төменде келтірілген www.stihl.com/
reach көрсетілген.
18.9 Белгіленген қызмет ету
мерзімі
Толықтай белгіленген қызмет ету мерзімі
30 жылға дейін құрайды.
Белгіленген қызмет ету мерзімінде қолдану
нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүйелі
түрде техникалық қызмет және күтім көрсету
өткізіледі.
19 Қосалқы бөлшек
(жинақтаушы) және
құрал-жабдықтар
19.1 Қосалқы бөлшектер және
құрал-жабдықтар
Бұл нышандар STIHL түпнұсқалы
қосалқы бөлшектері мен STIHL
түпнұсқалы құрал-жабдықтарын
білдіреді.
STIHL компаниясы STIHL түпнұсқалы қосалқы
бөлшектері мен STIHL түпнұсқалы құрал-
жабдықтарын қолдануды ұсынады.
Нарықты ағымдағы зерттеуге қарамастан,
STIHL компаниясы басқа өндірушілердің
қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтарын,
олардың сенімділігін, қауіпсіздігі мен
жарамдылығын бағалай алмайды, осыған
байланысты STIHL компаниясы оларды
пайдалану үшін жауапкершілікті көтермейді.
STIHL түпнұсқалы қосалқы бөлшектері және
STIHL түпнұсқалы құрал-жабдықтары STIHL
мамандандырылған дилері тарапынан
жеткізіледі.
20 Кәдеге жарату
20.1 Ауа үрлегіш құрылғыны,
аккумуляторды және
зарядтау құрылғысын кәдеге
жарату
Кәдеге жарату туралы ақпаратты жергілікті
әкімшіліктен немесе мамандандырылған
STIHL дилерінен алуға болады.
Дұрыс емес кәдеге жарату денсаулыққа зиян
келтіруі және қоршаған ортаны ластауы
мүмкін.
STIHL өнімдерін қаптамасымен бірге
жергілікті ережелерге сәйкес қайта өңдеу
үшін тиісті жинау орнына апарыңыз.
Тұрмыстық қоқыспен бірге лақтырмаңыз.
қазақ 19 Қосалқы бөлшек (жинақтаушы) және құрал-жабдықтар
20 0458-008-9701-A
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40

STIHL BGA 60 Kullanım kılavuzu

Tip
Kullanım kılavuzu